Еуразия елдерінен жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі - 56

2040783
Еуразия елдерінен жаңалықтар

11 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады.  Кездесуде Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары, Түрік Мемлекеттері Ұйымының саммитіне дайындықтар қолға алынды.

11-14 қыркүйек күндері аралығында Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова Болгария және Венгрияға сапарлай барды.  Болгария президенті Румен Раде және Венгрия президенті Каталина Новакпен кездескен Сахиба Гафарова 5-ші Будапешт Демография саммитіне қатысты.

11 қыркүйек күні Моңғолия Мәжіліс төрағасы Гомбожав Занданшатар Оңтүстік Кореяға барды.  Оңтүстік Корея парламенті басшысымен кездескен Занданшатар Халықаралық тұрақты дамуға бағытталған Транс-Тынық мұхит диологы конференциясына қатысты.

12-17 қыркүйек күндері аралығында Солтүстік Корея мемлекет басшысы Ким Чен Ын Ресейге сапармен барды. 13 қыркүйек күні Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.  Кездесуден кейін Кимнің Солтүстік Кореяға шақыруын Путиннің қабылдағаны хабарланды.

 14 қыркүйек күні Душанбеде Орталық Азия елдерінің мемлекет басшыларының 5-ші саммиті өтті.  Жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзербайжан президенттері қатысты.  Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түрікменстан Халық мәслихаты төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов  жиналысқа құрметті қонақ ретінде қатысты.  Жиналыстың аяғында 3 келісімге қол қойылды. Президенттер сол күні ЭКСПО Орталық Азия -2023 көрмесін аралады.  Сапар шеңберінде екі жақты кездесулер де өткізілді.

14 қыркүйек күні Қытай Халық Республикасының Ауғанстандағы елшісі Зао Шенг Талибан үкіметінің премьер-министрі уәкілі Мұхаммед Хасан Ахундқа сенімхатының көшірмесін табыстады.  Осылайша Қытай әлемде Талибан әкімшілігін ресми түрде таныған алғашқы ел атанды.

15 қыркүйек күні Душанбеде Аралды құтқару Халықаралық қорының жиналысы өтті.  Жиналысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері мен Қырғызстан вице-премьері қатысты.  Жиналыста 4 келісімге қол қойылды.

Сочиде 15 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

**

9 қыркүйек күні Қарабахта өткен заңсыз президенттік сайлауды Еуразия елдері айыптады.  Аталмыш елдер Әзербайжанның территория тұтастығын қолдайтындарын жариялады.

11 қыркүйек күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.  Президент Ердоған Пашинянға төрттік саммит өткізуді ұсынды.  Премьер-министр Пашинян «Политико» газетіне берген сұхбатында Украинадағы соғыс салдарынан Арменияның енді қауіпсіздік кепілгері ретінде Ресейге сене алмайтынын білдірді.  Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы әскери жаттығуына қатыспауы және АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуы ұйымдастыруы «Ресей Арменияда төңкеріс жасайды» деген қауесеттерді де өзімен бірге ала келді.

Сіздер де көргендей,  өткен апта Еуразия территориясында аймақтық тұтастықты нығайтатын маңызды жиындар мен сапарлар жүзеге асырылды. Қарабахқа байланысты Оңтүстік Кавказ мәселесі күн тәртібіндегі орнын сақтап тұр.



Ұқсас жаңалықтар