Түркияның эндемикалық балық түрлеріне өте бай екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 55

2035140
Түркияның эндемикалық балық түрлеріне өте бай екенін білетін бе едіңіз?

Жер көлемінің мыңнан бес бөлігі шақты бір алаңға ие болғ анына қарамастан әлемдегі балық түрлерінің 2,9 пайызы Түркияда тұрады. Басқаша айтқанда балық түрлері бойынша Түркия дүние жүзіндегі үлесімен салыстырғанда 6 есе көп балықтың түріне ие.

Түркияның эндемикалық балықтарының едәуір бөлігі әсіресе сыртпен байланысы жоқ жабық ішкі бассейндердегі көлдер мен бұлақтарда өмір сүреді. Түркияның ең танымал эндемикалық балығы – «Ван Инжи кефалі» (тұқытәрізділер-Chalcalburnus tarichi). Тұйық бассейн болып табылатын Ван көлінің содалы суына бейімделген «Ван Инджи кефалін» аймақта жылына 15 мың тоннаға жуық аулайды. Ван көлінің айналасында тұратын 14 мыңға жуық адам осы балықты аулау арқылы күн көреді.

Ван көлінде өмір сүретін миллиардтаған балық жыл сайын көктемдегі көбею көші кезінде ерекше көріністер көрсетеді. Ван көлінің содалы суларында өмір сүретін балықтар сәуір айының ортасында жұмыртқасын салу үшін жолға шығады. Қиын жолдан кейін жұмыртқаларын Ван көліне құятын бұлақтарға салады. Жұмыртқа салу үшін ағысқа қарсы ұшып, тұщы суға ағылатын балықтардың бұл күресі адамдарды қызықтырады. Әрбір «Инжи кефалінің» қарнында 10 мың жұмыртқа болады және жұмыртқасын құймай ұсталған әрбір балық 10 мың жаңа балықтың жойылуы дегенді білдіреді. Балықтар жұмыртқалаған соң 75 күндік сапардан кейін көлге оралады.

1996 жылдан бастап «Инжи кефалін» қорғау бойынша маңызды зерттеулер жүргізілді. Эрджиш-Деличай балық бөгетінде бұл эндемикалық балықты қадағалау үшін құрылған бақылау аймағына мыңдаған адам жиналып, «Инджи кефалінің» көшін тамашалай алады. Сонымен қатар Эрджиште халықаралық «Инджи Кефалі» көші мәдениет және өнер фестивалі ұйымдастырылуда.



Ұқсас жаңалықтар