Кастамону және Помпейполис

Капитанның борт журналы - 21

2037979
Кастамону және Помпейполис

Кастамону

«Жиһангездің» жаңа жерлер көруге және тануға қызығатын жолаушылары. Қайығымызға қош келдіңіздер. Бүгін ротамызды өте керемет бір жерге бағыттаймыз. Каньондары, сарқырамалары, үңгірлері, ежелгі қаласы, ұлттық саябағымен келушілерін өзіне қайран қылатын Кастамонуға қарай жылжимыз.

**

Қаратеңіздің жағалаулары бір-бірінен керемет қалаларға толы.  Себебі аймақтың климатына ба йланысты жағада созылған бөктерлер орманмен қапталған.  Осы жап-жасыл ағаштар теңіздің көк түсін одан сайын айқындай түседі. Сапарларымыз барысында сіздер де осыны байқаған боларсыздар. Бүгінгі аялдамамыз – Кастамону. Кастамону – көк пен жасыл түс астасқан,  Қаратеңіз жағасындағы әсем қала.  Тарихы хеттерге дейін барады. Қаланың жағалауы 170 километрге дейін созылады. Көп адам біле бермейтін шығанақтарға толы. Осы шығанақтар «тентек Қаратеңіздің тыныш паналары» деп аталады.  Кастамону сапарымызды Гинолу шығанағынан бастаймыз. Бұл жер – шағын және бұзылмаған шығанақ. Шығанақтың жоғары жағына қарай қарағаныңызда, генуэздықтар кезеңінен қалған Гинолу қамалын көресіз. Қайығымызбен жағалау бойында жылжимыз және бір-бірінен әсем шығанақтарды аралаймыз. Реті келгенде сіздерге өте маңызды ежелгі қала туралы айтып бергім келеді. Кастамонуның Ташкөпрү ауданындағы осы ежелгі қаланың аты – Пафлагониядағы Помпейполис. Көп адам осы жердің есемін естімесе де, археологтар осы қаланың Эфес және Зеугмаға ұқсас екенін айтады.  Ежелгі қалада қазба жұмыстары жалғасып жатқандықтан қазір келушілерге ашық емес.  Сондықтан осы маңызды қала туралы сіздерге мен айтып беремін.

Қаратеңіздің батыс жағы ежелгі дәуірде Пафлагония деп аталған. Помпейполис бір ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақтың бас қаласы болған.  Ежелгі қала Қаратеңіз бен Ішкі Анадолы арасында байланыс орталығында және сондықтан әсіресе Рим дәуірінде әскери және сауда жағынан өте маңызды рол атқарған.

Помпейполис Рим дәуірінде құрылған қалалар ішінде өзі жайылған территория тұрғысынан Анадолының ең ірі қалаларының бірі деп аталады. Жүргізілген қазбаларда ортаға шығарылғандар осы маңызды қаланың тарихын айқындайды.  Әсіресе ежелгі қаламен аты бірге аталатын «әйел құдай мозайкасы» Пафлагония Помпейполисін ерекшелендіреді.  Осы мозайка едәуір үлкен алаңға салынған. Рим вилласы деп аталған ғимаратта табылған.  Археологтар «әйел құдай мозайкасының» Зеугмадағы мозайкалармен жарысатын деңгейде екенін білдіреді. Қазбалар жалғасқан сайын осыған ұқсас мозайкалар табылып қалатынын да айтып отыр. Аталмыш мозайка бүгінгі күні Кастамону Археология мұражайында көрмеде. Қала орталығын аралап бастағанымызда мұражайға барамыз, сіз де осы мозайканы өз көзіңізбен көресіз. Қала орталығында бізді күтіп тұрған басқа бір тосынсый бар. Евкая қабірлері. Рим дәуірінен қалған осы қабірлер 2700 жылдық және бір жартастың үстіне ойылған.

**

Кастамонуның ірілі-ұсақты шығанақтары орналасқан осы ұзын жағалаудағы сапарымызда ротамызды Инеболуға бұрамыз енді.  Инеболу – портты қала.  Біз де портқа жақындап, қайығымызды қалдырамыз.  Бұл жер теңізі,  жағажайлары, табиғатымен болғаны секілді дәстүрлі сәулетімен де назар аударады.

 Енді қала орталығына қарай жылжиық және атақты Инеболу үйлерін аралайық. Осы үйлер «кен жауһарынан алынған табиғи бояумен» боялғандықтан қызыл күнгірт. Осы охра бояуы негізінде темір қышқылының қызыл түсінен келеді. Әлемдегі тұңғыш қызыл түс осы деген сипаттама бар.  Яғни аталарымыз үңгір қабырғаларына сызған алғашқы суреттер осы бояумен салынған.  Керемет Инеболу үйлері жалпы үш қабатты және ауласы болады. Мұражай ретінде қызмет берген бір үйдің ішіне кірелік.  Осындағы үйлердегі тұрмысқа жақыннан куә болайық. Әрбір қабатта әжетхана мен монша бар екенін көресіз.  Басқа бір таңғаларлық ерекшелігі де бар осы үйлердің. Жатын бөлмесінде шкаф секілді көрінетін есікті ашқанда сізді бір тосынсый күтіп тұр. Себебі бұл шкаф емес. Осында тұратын ерлі-зайыптының моншасы.

Дүние жүзіндегі ең терең каньондардың бірі Валла каньоны мен Еуропаның ең таңдаулы, қорғауға алынған алаңдары арасындағы Күре таулары ұлттық саябағын көргіңіз келсе,  келесі апта осындай уақытта қайығымыздағы орныңызға келіңіз.



Ұқсас жаңалықтар