Еуразия елдерінде осы апта болғандар

Еуразия күн тәртібі - 55

2037961
Еуразия елдерінде осы апта болғандар

4 қыркүйек күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сочи қаласында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен бас қосты.  Кездесуде екі басшы аймақтық және жаһандық проблемалар жөнінде талқылады.  Алдағы күндері Ресей сыртқы істер министрлігі Түркиямен 1 миллион тонна астық қамдау тақырыбында келісімге келінгенін хабарлады.

5 қыркүйек күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Словакия Республикасы Парламент басшысы Борис Коллар басшылығындағы делегацияны қабылдады. Қабылдауда екі жақты қатынастардың бағытына деген ризашылық тілге тиек етілді. Словакия делегациясы Қарабахқа барды.

Сол күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия Мемлекеттік бас омбудсмені Шереф Малкочты қабылдады.  Сапары аясында Қырғызстан мен Түркия Омбудсмені арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

7 қыркүйек күні Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға сапармен барды. Осы ресми сапар сонымен бірге бір Албания президентінің соңғы 30 жылда Қазақстанға ұйымдастырған алғашқы сапар болып тіркелді. Екі ел басшылары оңаша бас қосты,  артынан делегациялар кездесті.  Кездесулер нәтижесінде ортақ декларацияға қол қойылды.

7 қыркүйек күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев  БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы бас директоры -Цюй Дунъюйды қабылдады. 7-8 қыркүйек күндерінде Өзбекстан премьер-министрі Абдуллах Ариповтың қатысуымен Самарқанд қаласында Халықаралық Азық-түлік қауіпсіздігі конференциясы өткізілді. Конференцияға Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан ауылшаруашылығы министрлер қатысты.  Түркия Егіншілік және орман министрі Ибрахим Юмаклы мен Өзбекстан Ауылшаруашылық министрі Азиз Воитов екі ел министрліктері арасында сақтандыру саласында ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.

7 қыркүйек күні Бакуде Түрік Мемлекеттері Ұйымының Төтенше жағдайлар министрлерінің екінші жиналысы өтті.  Жиналысқа ұйымға мүше елдер мен бақылаушы елдердің Апат және төтенше жағдай министрлері қатысты.  Жиналыстың нәтижесінде Түрік Мемлекеттері Ұйымы Төтенше жағдай басқармасы екінші жиналысының декларациясы жарияланды.  Министрлер «Баку-2023 Халықаралық жаттығуын» тамашалады. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жиналысқа қатысқан министрлерді қабылдады.

8 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясы төрағасы Билал Ердоғанды қабылдады.  8-10 қыркүйек күндері арасында Хива қаласында 63 елден 930 өкіл қатысқан Халықаралық Этноспорт фестивалі өтті.

**

Өткен апта Қазақстан және Қырғызстанда кабинетте өзгерістер болды.  Жаңа министрліктер құрылды және кейбір министрлер ауысты.  Айырықша Қырым татар текті Рүстем Умаров 6 қыркүйек күні Украинаның Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Осы оқиғалардан да байқалғандай, өткен аптада Түрік республикаларында маңызды жиналыс және конференциялар өткізілді.  Сапарлар түрік республикаларының халықаралық саладағы маңызын меңзейді.



Ұқсас жаңалықтар