Еуразия күн тәртібі - 54

Өткен аптада Түрік Республикаларында маңызды оқиғалар болды.

2034005
Еуразия күн тәртібі - 54

Бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде Түрік Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар талқыланады. Өткен аптада Түрік Республикаларында маңызды оқиғалар болды. Енді оларды ретімен қарастырайық.

Құрметті тыңдармандар, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев 2023 жылы 27 тамыз күні ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлерді, 28 тамыз күні болса ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бас штаб басқармасы төрағасы Метин Гүракты қабылдады.

Қабылдауда Әзербайжан мен Түркия арасындағы әскери қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 2023 жылғы 31 тамыз-1 қыркүйек күндері арасында Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

ТР Сыртқы істер министрі Хакан Фидан РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен бөлек кездесті. Кездесулер барысында өзара аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасылды. Хакан Фидан 2023 жылдың 26 ​​тамыз күні де Украинаға ресми сапармен барған болатын.

*    *    *

Ватикан президенті Рим Папасы Франциск 2023 жылдың 31 тамыз бен 4 қыркүйек күндері аралығында Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Рим Папасы Франциск Уланбаторда Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсух және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті. Бұл сапар католиктердің діни көшбасшысының Азия елдеріне алғашқы сапары ретінде тіркелді. Рим Папасы Франциск Ұланбатырда Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсух және премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті. Бұл сапар католиктердің діни көшбасшысының Азия елдеріне алғашқы сапары ретінде тіркелді.

*    *    *

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен РФ Президенті Владимир Путиннің Ресей тарапынан Қырғызстанда салынатын 9 мектеп құрылысының онлайн рәсіммен іргетасын қалады. Бұл мектептердің құрылысына Ресей 500 миллион доллар қаржы бөлді. Ресей білім саласына салған инвестициясымен Қырғызстандағы ықпалын жалғастырғысы келеді.

*    *    *

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Грузияның биліктегі «Грузин қиялы» партиясы президент Саломе Зурабишвилиге қарсы міндеттен босату процесін бастайтынын білдірді. Билік партиясының мұндай мәлімдеме жасауына президент Зурабишвилидің үкімет еркінен тыс шетел сапарлары ұйымдастыруы себеп болды. Президент Зурабишвили 2023 жылдың 31 тамыз бен 1 қыркүйек күндері аралығында Берлин мен Брюссельге барған еді.

*    *    *

2023 жылдың 1 қыркүйек күнінен бастап, Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары өзара жеке куәліктерімен жүре бастады. Сонымен қатар екі елдің шекарасында орналасқан Беғабад және Қарабағыс шекара қақпалары ұзақ уақыттан кейін қайта ашылды. 31 тамыз күні Қырғызстан 1 қыркүйек күні Өзбекстанның Тәуелсіздік күнін атап өтті.

*    *    *

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Беларусьте 2,5 мыңнан астам сарбаздың қатысуымен әскери жаттығу ұйымдастыра бастады. Төрт кезеңнен тұратын әскери жаттығулардың бір бөлігі Қырғызстанда өтеді. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы штаб-пәтері басшысы генерал Анатолий Сидоров ұйымның кеңеюге дайындалып жатқанын хабарлады.

Жаңалықтардан көрініп тұрғандай, өткен аптада Еуразия географиясының болашағын айқындайтын маңызды сапарлар болды. Еуразия елдері арасындағы өзара қарым-қатынастар да жалғасын табуда.



Ұқсас жаңалықтар