Милас кілемі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 50

2024979
Милас кілемі

 

Тіркелген уақыты: 10.11.1997

 

 Түркияның Эгей аймағындағы туризм және егіншілік қаласы Мугланың Милас ауданы тоқыма саласындағы шеберлігімен де танымал. Әсіресе Милас кілемдері түрік кілем өнерінде маңызды орынға ие. Тарихы 11-ғасырға дейін баратын Милас өңірі қолдан тоқылған кілемдері аймаққа келген жиһангездердің де әсерімен 17-ғасырдан бастап Еуропаға жеткен.

Қолдан тоқылған Милас кілемі Милас Сауда және өнеркәсіп палатасының бастамасымен 1997 жылдан бастап Түркияның Географиялық белгісі бар өнімдері арасында.  Алғашқы кезде үйлерде құрылған станоктарда жайнамаз көлемінде тоқылған кілемдер 1909 жылы ашылған алғашқы ірі комбинатта өндіріле бастады. Түркияның қолөнері саласында маңызды экспорт тауарына айналды.

Кілем тоқуда өсімдіктерден алынған табиғи бояулармен боялған жіптер қолданылады. Қос түйін әдісімен кілемдер «Истар» деп аталатын станоктарда тоқылады. Өңірге тән ондаған түрлі нақыш қолданылады. Милас кілемінде көбіне қызыл мен сары, барлығы 26 түс орын алады.



Ұқсас жаңалықтар