Карс ірімшігі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 48

2020224
Карс ірімшігі

Түркияның Шығыс Анадолы аймағындағы тарихи Карс қаласы әлем асханасында атағы шыққан бір ірімшік түрі – Карс ірімшігімен танымал. Тарихы 1920 жылдарға баратын Карс ірімшігі Кавказ Университеті ректоратының өтінішімен 2014 жылы Түркияның Географиялық белгісі бар өнімдері арасына енді. Аймақтың теңіз деңгейінен биік жерлердегі шалғындарының ірі қара мал үшін қолайлы шарттар қалыптастыруы және өсімдік түрлілігі ірімшік өндіру үшін қажетті жоғары сапалы сүт алуды қамдайды. Карс ірімшігін жалпы сиырдың сүтінен істейді. Бірақ кейде сиыр сүтіне қой немесе ешкі сүтін де араластырып жасайды. Карс ірімшігін жасауда дәстүрлі әдіспен өндірілетін, «телеме» деп аталатын шикі ірімшік екі рет ұнтақталады. Артынан тесігі бар хром себеттермен су қайнап тұрған қазандарға сүңгітіп, сағыз секілді болғанға дейін қайнатылады. Осы әдіс сумен қайнату деп аталады.

Қайнатылған ірімшік өте кішкентай бөліктерге бөлініп,  бірнеше рет қысылады.  Суы жақсылап сүзіледі. Шеберлер сағыз секілді болған бөліктерді 4-5 минут илеп, судың толығымен кетуін қамдайды. Артынан қалыптарға қойылады. Сосын тұздалған ірімшік «қарын байлау» деп аталатын әдіспен пішін алады. Ірімшік қалыптан 12 сағаттан кейін шығарылады.  Артынан тұздау және күту бөлмесіне алынады. Осында ауамен кептіріледі.

Карс ірімшігінің толығымен дайын болу мерзімі шамамен 6 айда аяқталады.  Осы мерзімнен кейін сыртқы беті көгеретін Карс ірімшігі түрлі көлемде кесіледі. Артынан сатуға дайын болады.



Ұқсас жаңалықтар