«Диярбакыр өрме білезігі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 47-2023

2016380
«Диярбакыр өрме білезігі»

 

«Диярбакыр өрме білезігі»

Тіркелу уақыты:  13.06.2013

Түркияның Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағындағы Диярбакыр қаласы қолөнерінің ең жоғарғы өресі болып табылатын алтын сым өнерімен ел іші мен сыртында танымал. «Диярбакыр өрме білезігі» Диярбакыр Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2013 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Білезікті жасауда ұсақталған құйма алтын және қалдық алтыннан өндірілген алтын сымдар қолданылады. Алтын зергерлері жіңішке және ұзын сымға айналдырған алтын «Малафара» атты зергерлік аспабымен бір-бірден оралып, бұралып өріледі.

Шеберлер зергерлік қаламымен тоқылған білезікке Диярбакыр мен аймаққа тән мотивтерді бір-бірлеп қосады.

Үлкен талантты, ықылас пен шеберлікті қажет ететін «Диярбакыр өрме білезігі» ұзақ жылдар бойы аймақтық тойлардың таптырмас қалыңдық әшекейлерінің арасында өз орнын алды және Диярбакырға келген шетелдік туристердің ықпалымен шетелде сұранысқа ие экспорттық өнімге айналды.  



Ұқсас жаңалықтар