Лозанна бейбітшілік келісімінің 100 жылдан бері күшінде екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 47

2015189
Лозанна бейбітшілік келісімінің 100 жылдан бері күшінде екенін білетін бе едіңіз?

1-ші Дүниежүзілік соғысты аяқтаған «Лозанна бейбітшілік келісімінің» 100 жылдан бері күшінде екенін білетін бе едіңіз?

 

1-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін жеңіліске ұшыраған Осман империясы тәуелсіздігін жоғалтып, жерлері басып алынды. Дегенмен түрік ұлты елінің территориялық тұтастығы мен ұлттық тәуелсіздігі үшін бастаған Ұлтазаттық соғыстан жеңіспен шықты. Түрік ұлтының өте әділ және дәлелді себептермен жүргізген бұл ерекше күресі «Ұлы Жеңіспен» 1922 жылдың күзінде әскери түрде аяқталды. Енді бұл нәтижені бүкіл әлем мойындауы керек болды.

«Бейбітшілік конференциясы» 1922 жылы 20 қараша күні Швейцарияның Лозанна қаласында өтті. Түрік мемлекетінің атынан келген делегация басшысы Исмет Инөнү паша барлық өркениетті елдер сияқты тәуелсіздік пен егемендік қалағандарына баса назар аударады.

Лозанна келісімін жазу үшін өткізілген бұл конференция 8 айға созылды. Ақыры 1923 жылы 24 шілде күні Түркия, Ұлыбритания, Италия, Франция, Ресей, Югославия, Бельгия, Португалия, Румыния, Грекия, Жапония және Италия өкілдерінің арасында «Лозанна бейбітшілік келісіміне» қол қойылды.

«Лозанна бейбітшілік келісімі» жаңадан дүниеге келген Түркия Республикасының тіркелуі болып табылады. Келісімнің алғы сөзінде «мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеу» арнайы көрсетілген.

Тараптар өзара келісімдер жасап, уәде бергендіктен «Лозанна бейбітшілік келісімі» күшінде қалды. 100 жылдық мерейтойына жеткен «Лозанна бейбітшілік келісімінің» мәтінінде оның 2023 жылы немесе басқа мерзімде аяқталатыны туралы енгізілген бір бап орын алмайды. Келісімнің күшінде қалуында Түрік мемлекетінің бейбіт және ізгі ниетті көзқарасының да маңызы зор.

Ататүріктің «Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» қағидасын ұстану және «Лозанна бейбітшілік келісімінің» бүкіл баптары мен ережелерін сақтау бейбітшіліктің жалғастығын қамтамасыз етеді.



Ұқсас жаңалықтар