Бодрум қамалының 600 жылдық екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 46

2012064
Бодрум қамалының 600 жылдық екенін білетін бе едіңіз?

Бодрум қамалының 600 жылдық екенін және бүгінгі күні де пайдаланылғанын білетін бе едіңіз?

Түркияның оңтүстік Эгей аймағындағы өте танымал демалыс орны Бодрум тарих бойынша маңызды бір порт қаласы болды.

Бұл қаланың ең маңызды символдарының бірі – Бодрум қамалы.

Үш жағы теңізбен қоршалған Бодрум қамалы орналасқан аймақ ерте заманда арал болғанымен, кейін құрлықпен жалғасып, түбекке айналған.

Бодрум қамалы 1406-1522 жылдары арасында Әулие Петр рыцарлары тарапынан жартасты түбек үстіне екі порт арасында салынған. Төрт бұрышты қамалдың құрылысында әлемнің жеті кереметінің бірі болған және уақыт өте жер сілкінісімен қираған Мавзолейдің тастары пайдаланылған. Қамалдың бес мұнарасы арасында ең ұзыны 47,5 метр биіктігімен француз мұнарасы болып табылады.

1960 жылы қалпына келтірілген қамал аймақтағы кеме апаты қалдықтарынан табылған жәдігерлер көрмеге қойылған Бодрум Су асты Археология мұражайы болып реттелді.

Бодрум Су асты археология мұражайы аймағы тек Түркияда емес, әлемдегі санаулы мұражайлар қатарында орын алады. Өйткені әлемдегі ең көне кеме сынықтары болған, осыдан 3300 жыл бұрын яғни жас қола дәуіріне тән Ликия сауда кемесі «Ұлыбурун су асты кеме қалдығы» осы мұражайға қойылған.

Үстіне салынған ежелгі дәуірдегі құрылыс қалдықтары 15-ғасыр Еуропасының монументалды өнер, сәулет пен техникалық ерекшеліктерін көрсететін Родос рыцарьлары кезеңі құрылыстары және Османлы дәуірінде салынған ғимараттарды қамтитын Бодрум қамалы маңызды бір туынды ретінде ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасының тізімінде уақытша орын алуда.

 



Ұқсас жаңалықтар