Аяғы мықты адамдарда инфаркт

Ең қызықты деректер - 41

2011425
Аяғы мықты адамдарда инфаркт

Аяғы мықты адамдарда инфаркт

Аяғы мықты адамдарда инфаркттан кейін жүрек жеткіліксіздігінің рискі төмен болады.

 Жапон зерттеушілер аяқ бұлшықеттері мықты адамдарда инфаркттан кейін жүрек ауруы рискінің төмен болатынын анықтады.

**

Нәтижесі Еуропа Кардиология қоғамының (ESC) парақшасында жарияланған зерттеуге қарағанда, инфаркт болған, алайда аяқ бұлшықеттері мықты науқастарда жүрек ақауы рискі төмен болады екен.  Жапонияның Сагамихара Университеті Медицина факультеті тарапынан жүргізілген зерттеуде 2007 және 2020 жылдар арасында жүрегі ауырып, бірінші рет инфаркт болған 932 науқас тексеруден өтті.

 Жүрек инфаркты нәтижесінде ауруханаға жатқызылған науқастардың "quadriceps" бұлшықет тобы тестімен аяқтарының күші тексерілді.  Науқастардың 481-інің аяқ бұлшықеттері мықты болып шықты. 451 науқастың бұлшықеттері әлсіз болып шықты.  Науқастардың 67-сінің бұлшықеттері «орташа» күшке ие екені анықталды.

Жүрек инфаркты болған уақыттан бастап 4,5 жыл тексеруден өткен науқастардың арасында аяқ бұлшықеттері мықтылардағы жүрек ауруы кездесу мөлшері 10,2 пайыз,  бұлшықеттері әлсіз адамдарда болса осы мөлшер 22,9 пайыз болды.

**

Еуропа Кардиология қоғамының (ESC) парақшасында жарияланған зерттеуде айырықша аяқ бұлшықеттерінің нығайтылуы мен жүрек ауруы арасындағы байланыс зерттелді. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттеріндегі 5 пайыздық жетістік жүрек ауруы рискін 11 пайыз азайтатыны анықталды. Сагамихара Университеті Медицина факультеті физиотерапия кафедрасынан зерттеуші Кесуке Уэно аталмыш зерттеудің жүрек инфарктынан кейін жүрек ауруы пайда болу рискі жоғары науқастарды анықтауда ықпалды болғанын айтты. Ол аяқ бұлшықеттерінің клиникада өлшенуінің жеңіл екенін айтып, мұның жүрек инфаркты болған науқастарда жүрек ақауларының алдын алатын емдеу процедураларына да көмектесетінін білдірді.

Дереккөз - AA 



Ұқсас жаңалықтар