Қожанасырдың әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 44

2005949
Қожанасырдың әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның аңызға айналған тұлғасы Насреддин Ходжаның (Қожанасыр) әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Түрік мәдениетінің маңызды тұлғаларының бірі – Насреддин Ходжа (Қожанасыр). Оның шынымен өмірде болғаны туралы пікірталастар жүрсе де, өмірі туралы құжаттар бар. Бұл құжаттардан алынған мәліметтерге қарағанда, ол 1208 жылы Эскишехир қаласының Сиврихисар ауданына қарасты Хорту ауылында дүниеге келген.

Оқуды бітірген соң сол дәуірдегі сопылықтың орталықтарының бірі Акшехирге қоныс аударып, осында әкімшілік қызметтер атқарады. 1284 жылы Акшехирде қайтыс болып, қазіргі Насреддин Ходжа кесенесіне жерленген.

Қайтыс болуымен байланысты Қожанасырдың атынан айтыла бастаған әңгімелер, хикаялар сол ғасырда пайда болып, бұл хикаялардың саны ғасырлар бойы көбейе берді. Халық философы «Насреддин Ходжа» бүкіл Түрік әлемінде танымал және сүйікті. Оны Әзербайжанда «Молла Насреддин», Қазақстанда «Қожанасыр», Өзбекстанда «Насреддин Эфенди» деп атайды. Қожанасыр туралы хикаялар түрік халықтарына қоса араб, болгар, Қытай, Иран, венгр, орыс сияқты әртүрлі қоғамдарда да айтылып, сол қоғамдардың жергілікті кейіпкерлерінің әңгімелерімен біріктірілген. 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлемде «Насреддин Ходжа жылы» деп тойланды.

Насреддин Ходжа жазба мәдениетінің баршаға мәлім ең көне әңгімесі 1480 жылы Анадолы түрік дастандарының бірі болған «Салтукнамеде» кездеседі. Леонид Соловьев 1-ші томын 1940 жылы жариялаған екі томдық шығармасы «Насреддин Ходжа» атты туындысы роман түрінде баяндалады және Орталық Азияның кейіпкері ретінде таныстырылады.

Жалпы таралымы 1,5 миллионды құрайтын туынды «Насреддин Ходжа» кітаптарының қазірге дейін ең көп сатылым санына жетті. Сондай-ақ неміс, венгр, грек, серб-хорват сияқты көптеген тілге аударылды.

Насреддин Ходжа туралы сөз қозғап, оған сөзді қалдырмау мүмкін емес.

Насреддин Ходжадан жердің орталығының қайда екені туралы сұраған екен.

Ходжа бұл сұраққа «жердің ортасы менің қолымдағы таяқтың жерге тиетін жері» деп жауап қайтарып «Сенбесеңіз, өлшеңіз» депті.



Ұқсас жаңалықтар