Самсун қаласының Түркия Республикасындағы маңызды орны

Капитанның борт журналы - 13

1997723
Самсун қаласының Түркия Республикасындағы маңызды орны

Самсун қаласының Түркия Республикасындағы маңызды орны

Түркия Республикасы мемлекетінің тарихында 1919 жылдың 19 мамыр күнінің мәні зор. Себебі Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяғында Антанта елдері жеңіліске ұшыраған және барлығынан айрылып қалған Осман мемлекетінің жерін басып ала бастады.  Өзара бөлісуге кірісті.  Халық жергілікті мөлшерде басқыншылыққа қарсы тойтарысты бастады.  Осындай тойтарыс болып жатқан жерлердің бірі – Самсун. Османлы армиясының маңызды қолбасшыларының бірі Мұстафа Кемал Самсунда понтилер және түріктер арасында болған қақтығыстарды доғару және түріктердің қолындағы қаруды жинау үшін Османлының соңғы падишасы Вахдеттин тарапынан міндеттендірілді.  Мұстафа Кемал көп уақыттан бері мемлекеттің жағдайын ойлап жүр еді. Өзіне берілген осы міндет оның негізгі мақсаты, яғни отанды құтқару міндеті үшін бастау болды.  Өзімен бірге жүретін қолбасшы мен қызметкерлерді өзі таңдап,  Стамбулдан «Бандырма» атты ескі бір паромға мінді және Самсунға қарай жолға шықты.

«Жиһангездің» қадірлі жолаушылары.  Бүгін сіздерді түрік тарихының бетбұрыстарының біріне куә болған Самсун қаласына алып барамын.  Бір ұлттың жойылудан аман қалуы және қайта жандануы басталған жер – Самсун.

«Бандырма» паромы бұдан бұрын екі рет батып,  артынан қайта жүздірілген ескі кеме болатын.  Паромды ағылшындар батырады деген сөз де шықты.  Мұстафа Кемал Ататүрік пен жолдастары осылардың барлығына мойынсұнып 16 мамыр күні Стамбулдан жолға шықты. Самсунға тек үш күннен кейін ғана 19 мамыр күні жетті. Біз бүгінгі саяхатымызды Түркия Республикасы Мемлекетінің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің Самсунға аяқ басқан жерінен бастаймыз. Бұл жер – Түтін кемежайы.  Түрік тарихының ең маңызды сәттерінің біріне куә болған тарихи кемежай бұл, себебі Ататүріктің түрік ұлтына тәуелсіздік алып беру үшін Ұлтазаттық күресті бастаған жері. Түтін кемежайы түпнұқсасына сай қылып қайта жөнделген. Кемежайдағы мына балауыздан жасалған мүсіндер Мұстафа Кемал Ататүрік пен жолдастары және оларды қарсы алуға келген Самсун халқының мүсіндері. Кемежайдан бастап Гази мұражайына дейінгі жер «Азаттық жолы» деп аталады. Бұл жол жаяу жүргіншілерге арналған.

Біз де осы жолдан Гази мұражайына баралық.  Бүгін мұражай болып тұрған осы ғимарат Мұстафа Кемал Паша 1919 жылы Самсунға келген кезде қонған «Мынтыка Палас» қонақүйі. Екі қабатты және едәуір қарапайым ғимарат.  Мұражайдың төменгі қабатында Ататүрік қолданған қару мен киімдер көрмеге қойылған.  Жоғары қабатында болса Ататүрік қолданған бұйымдар, төсек, Ататүрік және жолдастарының балауыздан жасалған мүсіндері бар.  Мұражайдың жанындағы Ататүрік саябағының ішіндегі «Даңқ ескерткіші» - Самсунның символы. Австриялық мүсінші Генрих Криппел тарапынан жасалған осы ескерткіш Ұлтазаттық күрестің бастау алған сәтін бейнелейді.

Енді сіздерді Бандырма жағажайына апарамын. Себебі бұл жерде «Бандырма» паромы мұражайы мен Ұлтазаттық күрес ашық ауа мұражайы бар.  Еңбегі зор осы кемені жергілікті және шетелдік туристер үлкен қызығушылықпен аралайды. Себебі «Бандырма» паромы бір ұлттың қайта тірілуі жолында үлкен рол ойнады.  Осы қария кеме Қаратеңіздің тентек толқындарына қарамастан Ататүрік пен жолдастарын Стамбулдан Самсунға алып келеді.  Осы өміршең маңызды міндетті орындағаннан кейін пошта қызметін жалғастырады. Түркия Республикасы жарияланғаннан кейін қызметтен қалады.  Міне, осындағы кеме-мұражай «Бандырма» паромының қайта жасалған күйі. Барлығымыз бірге кемеге шығып, мұражайды аралайық. Бұдан бұрын тарихқа бағыт берген бір кемеге кіріп көріп пе едіңіз?

**

Кеме-мұражайды аралағаннан кейін енді кезек мұражайдың ашық ауа жағында.  Ұлттық күрес ашық ауа мұражайы үлкен алаңға жайылған.  Түркияның ең ұзын керамикалық рельефтері осы жерде. Түрік ұлтының тәуелсіздік жолындағы күресі бейнеленген.

1919 жылдың 19 мамыр күні – түрік ұлты үшін тарихтың бағыты өзгерген күн.  Осы күнге куә болған жер – Самсун. Бүгін сіздерге Түркия үшін маңызды бір тарихты баяндап, Самсун қаласын араладық.  Әрине Самсун осылармен шектеулі емес.  Бір-бірінен әсем табиғи сұлулықтарын көру үшін келесі апта кездеселік.



Ұқсас жаңалықтар