Түркияның алғаш саяси сайлауын 1909 жылы өткізгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 39

1992219
Түркияның алғаш саяси сайлауын 1909 жылы өткізгенін білетін бе едіңіз?

Түркияда саяси партиялар қатысқан алғаш сайлау Осман империясында 1908 жылы жарияланған 2-ші Мешрутийеттен (Екінші конституциялық монархия) кейін өткізілді. Бұл алғаш рет екі партия додаға түскен сайлау болды. 2-ші Мешрутийет әкелген еркіндікте халық сайлауға үлкен ынтамен қатысты. Сайлау күні барабандар ұрып, сырнайда ойнап дауыс беріліп, келін түсіргендей жәшік шерулері ұйымдастырылған еді. Сол кезде сайлау қазіргідей бір күнде өткізілмейтін, бірнеше айға жалғасатын.

Екі сатылы өткен және тек ер адамдар дауыс беру және үміткер болу құқығына ие болған Османлы кезеңі сайлау жүйесі Түркия Республикасында да ұзақ уақыт қолданылды.

Республика әлі жарияланбаған кезде, 2-ші кезең депутаттарды анықтау үшін 1923 жылы 28 маусым күні өткен сайлау Түркиядағы алғашқы жалпыхалықтық сайлау болатын. Сол жылы 29 қазан күні республиканың жариялануымен Мұстафа Кемал Ататүрік тұңғыш президент болып сайланды. Алғашқы саяси партиялардың құрылуы және сайлаудың өткізілуі әлем елдерімен салыстырғанда кеш деп есептелетін бір мерзімде жасалса да, Түркия Республикасы әйелдерге дауыс беру және кандидат болу құқығын берген озық елдердің бірі болды. Мұстафа Кемал Ататүрік 1930 жылы жергілікті сайлауға әйелдердің қатысуын да қамтамасыз етті. Алайда түрік әйелдері дауыс беру және кандидат болу құқығына 1934 жылы ие болды. Осылайша 1935 жылғы жалпыхалықтық сайлауда кандидат болған 18 әйел депутат болып сайланып, Мәжіліске кірді.



Ұқсас жаңалықтар