Әлемдегі ең маңызды шумерологтардың бірінің түрік екенін білетін бе едіңіз?

«Бұларды білетін бе едіңіз? – 38»

1988887
Әлемдегі ең маңызды шумерологтардың бірінің түрік екенін білетін бе едіңіз?

1914 жылы дүниеге келген Муаззез Илмийе Чығ – шумерология саласында әлемге танымал көптеген ғылыми зерттеудің иесі. Муаззез Илмийе Чығ – Анадолының бай өркениет тарихын ашу мақсатында құрылған Тіл, тарих және география факультеті Шумерология кафедрасының алғаш түлектерінің бірі.

Анкара Университетіне қарасты факультетті бітірген кезде, неміс тілі оқытушысы оған университетте ғылыми қызметте қалуды ұсынды, бірақ ол ұсынысты қабылдамады және Стамбул Археология мұражайында жұмысқа кірді.

Бұл шешім оның өміріндегі бетбұрыс сәтіне айналды. 1973 жылы зейнеткерлікке шыққанша Стамбул Археология мұражайының Сына жазулы құжаттар мұрағатында жұмыс істеді. Осы мұрағатта үш түрлі тілде жазылған жетпіс бес мыңға жуық тас тақтайшаларды өңдеу үшін жылдар бойы еңбек етті. Шумер, аккад және хетт тілдерінде жазылған он мыңдаған тақтайшаны тазартып, жіктеп, нөмірлеп, сына жазуы құжаттарының мұрағатын жасайды. Еңбек жолында ғылыми салада сегіз кітап, көптеген мақала жазды.

Көптеген халықаралық ғылыми марапаттың иегері Муаззез Илмие Чығ зерттеулерімен өз атын тек Түркияда ғана емес, әлем тарихына алтын әріппен жазды. Ол зейнеткерлікке шыққаннан кейін де жұмысын жалғастырып, қалың оқырманды қызықтыратын көптеген кітап жазады. Бұл кітаптарда ол шумер және хетт тарихын, олардың өркениеті мен мәдени құндылықтарын барша түсінетін және жақсы көретін стильде жазды.

Әлемнің ең ұзақ өмір сүрген адамдары қатарында болған 109 жастағы Муаззез Илмие Чығ –рухы әрқашан жас қалған Түркияның заманауи зиялысы.



Ұқсас жаңалықтар