Әлемнің екінші терең каньонының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 33

1975400
Әлемнің екінші терең каньонының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?
Valla kanyonu üç katlı terras (9).jpg
Valla kanyonu üç katlı terras (5).jpg
valla kanyonu.jpeg

Әлемнің ең терең каньондарының бірінің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемнің ең терең екінші каньоны болып табылатын

Әлемнің ең терең екінші каньоны болып табылатын Түркиядағы «Валла» каньоны Қаратеңіздің батыс аймағында Кастамону қаласы шекарасында орналасқан. Кең байтақ таулы және орманды аймақтарымен Кастамону көптеген каньон, үңгір, өзен және сарқырама сияқты табиғи сұлулықтарды бірдей тамашалау мүмкіндігі бар сирек орындардың бірі болып табылады.

800 бен 1200 метрге дейінгі биік жартастары бар «Валла» каньонынан өту қиын, ұзақ және өте қауіпті. Қиын жолдардың қатарында көрсетілген каньонды тек кәсіби топтар және тиісті жабдықтармен ғана өтуге болады. Дегенмен кіре берісте және шығуда жергілікті гидтермен қысқа кіруге болады. Каньонды тамашалау үшін салынған террасада табиғаттың ерекше сұлулығын толық тамашалауға мүмкіндік бар.

Шатқалда 40-тан астам сарқырама бар, оның жартастарында қыран, сұңқар, лашын сияқты жыртқыш құстар мекендейді.

Бұлардың ішінде 14 метрден төгілетін «Ылыджа» сарқырамасы жоғарыдан құйылатын басқа сарқырамалар сияқты керемет болмаса да, айналасындағы тамаша өсімдіктерімен көруге тұрарлық.

Сол аймақта орналасқан «Илгарини» үңгірі әлемдегі ең үлкен 4-ші үңгір болып табылады. Ұзындығы 858 метр, тереңдігі 250 метрлік үңгір 220 миллион жылда пайда болған деп есептеледі.

Үңгір ішіндегі сталактиттер мен сталагмиттердің көрінісі таң қалдырарлық сұлулыққа ие. Үңгірде соңғы Рим және Византия дәуіріне жататын капеллалар, қабірлер және цистерналарды көруге болады.

Үңгірге апаратын орман жолында «Саңырауқұлақ» үңгірі және «Айдаһар» үңгірі деп аталатын көруге тұрарлық тағы екі үңгір орын алады.



Ұқсас жаңалықтар