Әлемдегі ең жақсы сарымсақтың Түркияда өсірілетінін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 25

1948352
Әлемдегі ең жақсы сарымсақтың Түркияда өсірілетінін білетін бе едіңіз?

Өткір иісі себепті кейбіреулерге ұнай бермейтін сарымсақ тағамға қосатын ләззәтімен көптеген асхананың таптырмас дәмі болып табылады. 

Ғасырлар бойы әрі дастархандардың таптырмас дәмі, әрі түрлі ауруларға дауа ретінде тұтынылып келеді. Түркияның Кастамону қаласының Ташкөпрү ауданында өсірілетін және жергілікті тұрғындар «ақ алтын» деп атайтын «Ташкөпрү сарымсағы» сапасы жағынан әлемдегі ең жақсы сарымсақ ретінде саналады. 

Тым үлкен емес, біркелкі және стандарт бас өлшемі, толы және қаттылығымен ұзақ уақытқа бұзылмай сақталуы «Ташкөпрү сарымсағының» ең маңызды ерекшелігі. Бұл сарымсақтың топырақтан шыққаннан кейін ашық ауада сегіз ай бойы балғындығын сақтайтын жалғыз түрі. Оның иісі басқа сарымсақтарға қарағанда өткір және ащы. Онымен қатар емдік тұрғыдан ең құнды сарымсақ болып табылады. 

Ташкөпрү сарымсағының құрамы минералдар мен витаминдерге өте бай. Марганец, В1, В6, С дәрумендері, кальций, фосфор, мыс, сондай-ақ темір, күкірт және хош иіс тұрғысынан ең жоғары мәндерге ие «Ташкөпрү сарымсағы» маңызды антиоксидант болып табылатын селен құрамымен де теңдесі жоқ. Қатерлі ісікке қарсы және тәуекелді азайтатын зат болып табылатын селен «Ташкөпрү сарымсағынан» басқа сарымсақ түрлерінде жоқтың қасы. Бедеулікке, бойдың қысқа болуына, шаштың түсуіне пайдалы бұл сарымсақ, кейбір бактерия мен вирустарға да тиімді. Құрамындағы заттармен қамтамасыз етілген осы қасиеттерге байланысты оны фармацевтика өнеркәсібі жиі таңдайды. 

«Ташкөпрү сарымсағының» пайдалары арасында иммундық жүйені күшейту, жоғары қан қысымын төмендету және қандағы холестерин деңгейін азайтуды көрсетуге болады. Сонымен қатар қан айналымын реттейді, атеросклерозды және окклюзияны болдырмайды, қандағы қант деңгейін теңестіреді, тәбетті арттырады және ас қорытуды жеңілдетеді.

Асқазан мен ішекті дезинфекциялайды және зиянды бактерияларды жояды. Кеңірдек ауруы мен бронхитті жақсартуға қоса бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Жара және сыздауықты емдейді. Сонымен қатар улануға қарсы тиімді болып табылады. Сарымсақтың осы артықшылықтарын пайдалану үшін күніне 2-3 түйір сарымсақ жеу керек. Дегенмен қан қысымы төмен адамдарға сарымсақты сақтықпен тұтыну ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар