Түркиядағы жер сілкінісі мен Түркі әлемінің жәрдемдері

Еуразия күн тәртібі – 25-2023

1947976
Түркиядағы жер сілкінісі мен Түркі әлемінің жәрдемдері

Бүгінгі бағдарламамызда Түркияда болған жер сілкінісі мен Түркі әлемінің жәрдемдеріне тоқталамыз.

Ардақты тыңдармандар.

2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш уәлаятын негіз еткен 7.7 және 7.6 балдық екі мәрте ауыр жер сілкінісі болды. «Ғасырлық апат» аталған сілкініс Түркиядағы 10 уәлаятты ауыр зақымдады. Жер сілкінісі Сирия, Кипр, Грузия, Абхазия, Армения, Ирак пен Ливанда да сезілді. Жер сілкінісінде 30 мыңнан (31 мың 643) астам адам қаза тапты, 100 мыңнан астам адам жараланды.

Түркі әлемі мен Түркі Республикалары жер сілкінген кезден бастап барлық мүмкіндіктерімен Түркия үшін аттанысқа келді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түркиямен бірге жеті күндік аза жариялады. Түркі Республикаларының халықаралық ұйымдары Түрік Мемлекеттері Ұйымы, Түріксой, ТүрікПа, Халықаралық Түрік мұралары қоры, Халықаралық Түрік академиясы туларды жартылай түсірді.

Түркі Республикаларының президенттері президент Режеп Тайып Ердоғанға бірінші болып көңіл айтты. Түркиямен алғашқы сатыда жасалатын жұмыстар жайлы кеңесті. Түркі Республикаларының президенттері Түркияның өкілетті елшіліктерімен хабарласып, түрік халқына көңіл айтты. 11 ақпанда Әзербайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов жер сілкінген аймаққа келді.

Түркі Республикалары президенттерінің тапсырмасымен Түркияға іздеу-құтқару топтары, дәрігерлер мен жедел жәрдем материалдары жолданды.

Бір аптада Түркияға Әзербайжан 725, Өзбекстан 171, Қазақстан 101, Қырғызстан 146, Венгрия 156, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы 200, Башқұртстан 25 және Түрікменстан 10 кісілік іздеу-құтқару тобын жолдады. Осылайша Түркі Республикаларынан ең көп құтқарушы топ келді және олар қалдықтар астынан жүзден астам адамды құтқарды.

Келген құтқару топтары арасында дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлері де бар. Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан жер сілкінген аймақтарда дала ауруханаларын құрды. Әзербайжандық лауазымдылар жер сілкінісінде жараланған екі мың адамды Әзербайжанда емдеуге дайын екендерін білдірді.

Құрметті тыңдармандар.

Түркі әлемі Түркияның 10 аймағында болған жер сілкінісінде қалғандарға жәрдем науқанын бастады. Якутия Республикасынан Еуропаға дейінгі азаматтық ұйымдар, жергілікті әкімшіліктер, Түркі Республикалары жиналған жәрдемдерді өз мүмкіндіктерімен және түрік лауазымдылары арқылы Түркияға жеткізді. Қазірге дейін ондаған ұшақ, жүздеген жүк көлігімен жәрдем материалдары келді.

Түркі әлемінің Түркиядағы өкілдері де жер сілкінген аймаққа барды. Бір бөлімі іздеу-құтқару тобына қатысты, азаматтарға азық-түлік пен жедел жәрдем материалдарын таратты.

Осы оқиғалардан Түркі әлемінің апат кезінде бұрынғымен салыстырғанда тіпті күшті, тіпті саналы, ұйымшыл және ықпалды орынға жеткені байқалды. Түркия күшті бір ел, бұл апаттың зардабын да қысқа уақытта жеңеді. Осы процесте Түркі әлемінің материалдық және рухани қолдауы Анадолыға күш береді.



Ұқсас жаңалықтар