«Хереке жібек кілемі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 24-2023

1946329
«Хереке жібек кілемі»

«Хереке жібек кілемі»

Тіркелу уақыты:  01.09.1996

Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауына орналасқан және Стамбулға көрші Кожаели қаласы Түркиядағы тұңғыш кілем фабрикасына үй иесі болуда. Фабрикада өндірілген «Хереке жібек кілемі» аталған кілемдер Көрфез Қала әкімшілігінің өтінішімен 1996 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері тізіміне енді. «Хереке жібек кілемі» толық қолда тоқылу өнері және көлемімен назар аударады. «Хереке жібек кілемінің» өзге кілемдерден ерекшелігі-қос ілмек техникасы және қол қайшымен кесілуі. Тоқылуы жылдар бойы жалғасатын кілемнің көлемі 6-дан 468 шаршы метрге дейін жетеді. Тұңғыш рет 1843 жылы сол кездегі Османлы падишасы Сұлтан Абдулмежит тарапынан салынған фабрикада өндірілген «Хереке жібек кілемі» үлкен сарайларда қолданылған. Бүгін де Долмабахче, Йылдыз, Бейлербейі қатарлы тарихи сарайларда көрмеге қойылған ірі кілемдер әлемдегі ең нәзік және ең мықты кілемдер ретінде танымал. Османлы Империясына сапарлай келген шетелдік Империя отбасындағыларға сыйлыққа берілген «Хереке жібек кілемі» Еуропа елдерінің сарайларына да сән берген. 



Ұқсас жаңалықтар