Миласта зәйтүн шаруашылығының адам баласы тарихы секілді көне екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 21

1938872
Миласта зәйтүн шаруашылығының адам баласы тарихы секілді көне екенін білетін бе едіңіз?

 

Оңтүстік батыс Анадолыда Мугла аймағының бір ауданы Милас   Жерорта теңізі климатының өсімдік қабатымен қапталған.  Осы өсімдік қабатының ең ерекше ағаштарының бірі – зәйтүн ағашы.

Милас деген кезде еске тарих пен зәйтүн келеді. Эгей аймағының және Түркияның ең маңызды зәйтүн өндіру орталықтарының бірі Миласта адам баласы тұрмысы анықталған тарихтан бұрынғы кезеңде де зәйтүн ағаштарының бар екені белгілі.  Зәйтүн шаруашылығы алғашқы дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Миласта ең негізгі күн көріс көзі болған.

Тарихтың түрлі кезеңдерінде басқыншылар тарапынан қиратылған қаланың зәйтүн алаңдары да шайқастар салдарынан үлкен зиян шеккен. Өңірдегі зәйтүн ағаштары бұрынғы уақытта қиратылмағанда, Миластың бүгінгі зәйтүн ағашы саны екі-үш есе көп болар еді.  Аймақта табиғи түрде өздігінен өсетін, «делиже» деп аталған зәйтүн ағаштарын адамдар телу арқылы жеміс беретін күйге келтіреді. Телінген ағаштар артынан зәйтүн алаңын қалыптастырады.  Осы дәстүр адам баласы тарих бойынша жалғасып келеді.

Милас зәйтүн ағаштарының арасында кең тарағаны – Мемежик. Зәйтүн алаңдары көбіне таулы жерлерде, бөктерлерде және шөлейт өңірлерде болғандықтан суғару мүмкіндігі болмайды.  Сондықтан зәйтүндер піскенге дейін жаңбыр суымен немесе тамыры жететін жер асты суымен қоректенеді. Бұл де зәйтүндердің қышқылын азайтып, дәмін арттыра түседі. Милас зәйтүн майының атағы да өндірісінде ежелгі дәуірлерден бері келе жатқан сапалы мемежик түрі зәйтүнін қолданудан келеді.



Ұқсас жаңалықтар