Түркияның Еуразия елдерімен қарым-қатынасы жақсы

Еуразия күн тәртібі – 20-2023

1932555
Түркияның Еуразия елдерімен қарым-қатынасы жақсы

Бүгінгі бағдарламамызда Түркияның Еуразия елдерімен қарым-қатынасы тұрғысынан 2022 жылдың қалай өткеніне тоқталамыз.

2022 жылы Түркия Республикасының президенті Еуразиядағы көптеген елге сапарлай барды. Осы сапарларға қысқаша тоқталайық.

2022 жылы 3 ақпанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия-Украина Жоғары деңгейлі Стратегиялық кеңесінің 10-шы жиналысы үшін Киевке барды. Жиналыстан кейін 8 келісімге қол қойылды. Президент Ердоған 18 тамызда Украинаға бір күндік іс-сапармен барды.

2022 жылы 29-30 наурыз арасында президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанға ресми сапармен барды. Кездесулерден кейін 9 келісімге қол қойылды.

2022 жылы 28 мамырда президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға бір күндік ресми сапармен барды. Президент Ердоған 20 қазанда Әзербайжанға тағы бір мәрте күндік ресми сапар ұйымдастырды. Екі ел президенттері Халықаралық Зенгилан әуежайының және басқа жобалардың бетін ашты.

2022 жылы 5 тамызда президент Режеп Тайып Ердоған Ресейге бір күндік іс-сапармен барды. Кездесулерде екі жақтылы және аймақтық мәселелер қолға алынды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында ұйымдастырылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы лидерлерінің 22-ші жиналысына қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған 2022 жылы 12 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапар ұйымдастырды. Кездесулерден кейін 6 келісімге қол қойылды. Президент Ердоған сапар аясында 6-шы Азияда Ынтымақтастық және Сенім арттыратын шаралар конференциясының саммитіне қатысты.

Президент Режеп Тайып Ердоған 10-11 қарашада Самарқанд қаласында өткен Түрік Мемлекеттер Ұйымының 9-шы саммитіне қатысты.

2022 жылы 14 желтоқсанда Түрікменстанның Аваза туристік аймағында Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан президенттерінің үштік саммиті өткізілді. Саммит соңында 5 келісімге қол қойылды. 25 бабтан тұратын ортақ хаттама жарияланды.

Түркия мен Қырғызстан президенттері 18 желтоқсанда Әлем Футбол турнирінің финал матчы үшін барған Катарда бас қосты. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар қолға алынды.

2022 жылы Еуразия географиясындағы елдерден Түркияға жасалған сапарлар да маңызды болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 10-11 мамыр арасында Түркияға алғашқы мемлекеттік сапарымен келді. Кездесулер соңында 15 келісімге қол қойылды.

2022 жылы 11-13 наурызда ұйымдастырылған 2-ші Анталия Дипломатия форумына Еуразия географиясындағы елдерден Ауғанстан, Қазақстан және Украина президенттері, Гагауз Автономиялық аймағының басшысы, Әзербайжан президентінің орынбасары, Ауғанстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Украина Сыртқы істер министрлері қатысты. Форум арқылы Армениядан Түркияға 2008 жылдан бергі тұңғыш жоғары деңгейлі сапар ұйымдастырылды.

4-ші Дүниежүзілік Көшпенді ойындары 2022 жылы 29 қыркүйек пен 2 қазан арасында Изник қаласында өткізілді. 4-ші Дүниежүзілік Көшпенді ойындарының беташарына Түркия, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Татарстан президенттері, Қазақстан Мәжіліс төрағасы қатысты.

Оқиғалардан да байқалғанындай, әрі дипломатиялық, әрі экономикалық қарым-қатынастар, әрі энергия тасымалдау мен қорғаныс салаларында аймақ елдерімен ынтымақтастық тұрғысынан 2022 жылы Түркия үшін табысты өткен бір жыл болды.



Ұқсас жаңалықтар