Асқабақ тұқымының пайдасы

«Денсаулық зор байлық» - 17

1923401
Асқабақ тұқымының пайдасы

Бұл бағдарламамызда асқабақ тұқымының пайдасын тілге тиек етеміз. 

Аурумен күресетін антиоксиданттарға бай

Асқабақ тұқымдары біздің жасушаларымызды ауру тудыратын зақымданудан қорғайтын және денеміздегі қабынуды азайтатын көптеген антиоксиданттарға бай. Зерттеулер көрсеткендей, асқабақ тұқымының қабынуға қарсы қасиеттері бауыр, қуық, ішек және буындардың денсаулығы үшін маңызды.

Иммунды күшейтеді

Асқабақ тұқымдары құрамындағы Е дәрумені мен мырыштың арқасында иммундық жүйемізге пайдалы. Мырыш біздің денемізді қабынудан, аллергиядан және микробтардан қорғайды, осылайша инфекциялардың алдын алады және жалпы иммунитетті арттырады.

Салмақты бақылауға көмектеседі

Асқабақ тұқымын жеу салмақты бақылауға көмектеседі және бұлшық ет түзеді.

Асқабақ тұқымы сізді қанықтырады және мырышқа, кальцийге, ақуызға және талшыққа бай болып табылады. Талшық ас қорыту жүйесіне көмектеседі және күні бойы аштық сезімін азайтады. Бұл күні бойы артық тамақтанып, салмақ қосудан сақтайды. Бұл да денедегі майды жағуға және салмақты тиімді жоғалтуға көмектеседі.

Жүрек денсаулығын жақсартады

Олардың құрамында магний, калий және пайдалы май қышқылдары болғандықтан асқабақ тұқымы мен әсіресе асқабақ майы жүрек денсаулығын жақсартады және жүректің ишемиялық ауруы қаупін азайтуға көмектеседі.

Асқабақ тұқымы майының қоспалары ересектердің қанындағы пайдалы HDL холестерин деңгейін жоғарылатып, қан қысымын төмендетуі мүмкін.

Сондай-ақ, асқабақ тұқымдары қан тамырларын кеңейтіп, жүректің тиімдірек жұмыс істеуіне көмектесетін қан ағымын жақсартады.

Қандағы қантты теңестіреді

Асқабақ тұқымының маңызды артықшылықтарының бірі қандағы қантты реттеу қабілеті болып табылады. Асқабақ тұқымдары диабетиктерде қандағы қантты жақсы бақылау үшін қандағы қанттың сіңуін баяулататын ақуызға және талшыққа бай тағамның түрі.

Асқабақ тұқымында көптеген адам диетада жеткілікті мөлшерде алмаған магний тұрғысынан өте жоғары. Оның құрамындағы магний қандағы қант деңгейін реттеу арқылы қант диабеті қаупін азайтуға көмектеседі.

Ұйқы сапасын реттейді

Ұйықтар алдында асқабақ тұқымын жеу түнгі ұйқыңызды жақсартуға көмектеседі. Асқабақ тұқымдары триптофанның, ұйқыны жақсартатын табиғи заттың көзі болып табылады. Асқабақ тұқымындағы магний, мырыш, мыс және селен де ұйқының ұзақтығы мен сапасына жақсы әсер етеді.

Простата денсаулығын жақсартуы мүмкін

Антиоксиданттар, май қышқылдары және мырыштарға қоса алғанда, асқабақ тұқымдарының бай фитонутриенттік ерекшелігіне байланысты әсіресе ерлерде простата денсаулығын жақсартады.

Қатерсіз қуық асты безі ұлғаюы бар еркектерде симптомдарды азайтып, өмір сүру сапасын жақсартатыны көрсетілген.

Қатерлі ісік жасушаларының өсуімен күресуге көмектеседі

Асқабақ тұқымы құрамындағы жоғары антиоксиданттың арқасында қатерлі ісік жасушаларының өсуіне және таралуына қарсы тұруға көмектеседі. Оның сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мен емдеуде рөл атқаруы мүмкін екендігі зерттелді.

Асқабақ тұқымдарына бай диеталар асқазан, өкпе, ішек және сүт безі қатерлі ісігін қоса алғанда, бірнеше қатерлі ісік түрлерінің төмен қаупімен байланыстырылады.

Тамақтану

Асқабақ дәндері жараларды емдеуде маңызды болып табылатын марганец және К дәрумені сияқты дәрумендер мен минералдарға бай. Сондай-ақ олардың құрамында иммундық жүйенің бактериялар және вирустармен күресуге көмектесетін минералы мырыш бар.

Поликистозды аналық без синдромы бар әйелдер үшін жеңілдік береді

Кейбір зерттеулер асқабақ тұқымының гормоналды теңгерімді қалпына келтіруді қайтадан қамтамасыз етіп, поликистозды аналық без синдромы бар әйелдерге жақсы жеңілдік беретінін ортаға қойды. Асқабақ тұқымдары шаштың түсуіне жол бермейді және остеопороз ықтималын азайтады. Сонымен қатар асқабақ тұқымдары әйелдерде холестеринді төмендетуге көмектеседі.

Қуықтың қызметін жақсартады

Бұл қуықтың шамадан тыс белсенділігінің белгілерін айтарлықтай жақсарта алады және зәр шығару дисфункциясын түзетеді.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар