Түркі Республикаларында өткен аптада болған оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 17-2022

1923078
Түркі Республикаларында өткен аптада болған оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларында өткен аптада болған оқиғаларға тоқталамыз.

Түркі Республикаларында өткен аптадағы басты оқиға ретінде Түрікменстанда өткен үштік саммитті айтуға болады. 2022 жылы 14 желтоқсанда Түрікменстанның Аваза туризм аймағында Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан президенттерінің үштік саммиті өткізілді. Аваза Конгресс орталығында өткен саммит соңында сауда, ғылым, білім беру, мәдениет, кеден, энергия және қатынас салаларында бес келісімге қол қойылды. Саммитке байланысты 25 бабтан тұратын ортақ мәлімдеме жарияланды. Саммиттегі сөзінде президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстан табиғи газының батыс нарқына тасымалдануы жұмыстарының басталуы керектігін айтты.

Авазада үш ел президенті өзара жеке кездесулер де өткізді. Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуі Түрік Мемлекеттері Ұйымы елдері арасындағы қазіргі үштік ұйымшылдықты бекемдеу үшін қызмет ететінін және Түркі әлемінің бірлесуі мен тоғысуына бағытталған маңызды қадам болатынын атап айтты.

Үштік саммит алдында Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов Өзбекстан президентінің орынбасары Сердар Умурзақовты қабылдады. 12 желтоқсанда өткен кездесуде екі жақтылы және аймақтық тақырыптар қолға алынды. Өзбекстанның үштік саммитті мұқият бақылап отырғанын айтуға болады.

2022 жылы 12 желтоқсанда көптеген әзербайжандықтар мен қоршаған ортаны қорғаушы азаматтық ұйымдар Армениядан Қарабахқа баратын жалғыз жол Лачин дәлізін қатынасқа жапты. Ереуілшілер Қарабахтағы табиғи байлықтарды заңсыз қолдануды тосу және мұның қоршаған ортаға нашар әсерін жоюды талап етті. Қарабахтағы алтын және басқа құнды тас кендерін Ресей, Канада және Ұлыбритания компаниялары пайдалануда. Баку әкімшілігі әзербайжандық мамандар тарапынан аймақта жұмыс жасалуына шешім қабылдап, Ресей бейбітшілік күштері делегацияның жұмыстарына кедергі жасаған болатын. Осы оқиғаға байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресейге нота тапсырған еді. Аймақтағы дағдарыс әлі жалғасуда.

2022 жылы 15 желтоқсанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиевті қабылдады. Кездесуде Түрік Мемлекеттері Ұйымының күн тәртібіндегі тақырыптар талқыланды.

Татарстан президенті Рустам Минниханов Түркі Республикаларына сапарын жалғастыруда. 2022 жылы 12 желтоқсанда президент Рустам Минниханов Бурсаға сапармен келді. Бурсада Түркия-Татарстан Бизнес форумы өтті.

13 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Президент Минниханов Қазақстанның Саран қаласында Татарстанның 400 миллион долларлық инвестициясымен салынған дөңгелек зауытының жұмыс бастағанын хабарлады.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Түркі Республикаларында маңызды күнтәртіп қарбалас өтті. Үштік саммит және бизнес форумы, өзара инвестициялар Түркі Республикалары арасындағы ынтымақтастықты күшейте түседі.



Ұқсас жаңалықтар