Түркі Республикаларында ірі жаңалықтар болуда

Еуразия күн тәртібі – 15-2022

1917035
Түркі Республикаларында ірі жаңалықтар болуда

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларында өткен апта басты орынға шыққан оқиғаларға тоқталамыз.

Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев өткен апта Түрікменстанда кездесулер өткізді. 2022 жылы 28 қарашада президент Сердар Бердімұхаммедов Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раевті қабылдады. Кездесуде Түрікменстан мен ұйым ортақ ұйымдастыратын Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдық мерейтойы мен Түркі әлемінің Мәдени астанасы Анев сияқты іс-шаралар талқыланды. Сұлтан Раев Түркіменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамуратовпен бірлескен іс-шаралардың егжей-тегжейлерін қолға алды.

2022 жылы 27 қарашада Түрікменстан Мәжіліс төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барды. Бердімұхаммедов Сеулде Оңтүстік Кореяның президенті және Мәжіліс төрағасымен жеке-жеке кездесті. Түрікменстан мен Оңтүстік Корея Парламенттері арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

28-29 қараша күндері Татарыстан президенті Рүстем Минниханов көмекшілері және 45 татар кәсіпкерімен Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды. Бакуде Әзербайжан-Татарстан Бизнес форумы өтті. Форум аясында екі жақтылы келісімдер жасалды. Президент Рүстем Минниханов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, премьер-министр Әли Асадов, премьер-министрдің орынбасары Шахин Мұстафаев және Экономика министрі Михаил Жаббаров қатарлылармен кездесті.

2022 жылы 1-2 желтоқсан күндері Самарқанд қаласында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің қатысуымен Өзбекстан-Ресей аймақтық форумы өтті. Өзбекстан-Ресей аймақтық форумына Татарстан президенті Рүстем Минниханов та қатысты. Татарстан Ресейдің Түркі Республикаларымен қарым-қатынастарында маңызды рөл атқаруда. Президент Рүстем Минниханов 28 қараша күні Өзбекстанның Сурхандария облысының әкімі Тура Боболов бастаған делегацияны қабылдады. Татарстан Қазан Федераль университеті Өзбекстанның Жизак қаласында өз бөлімшесін ашты. Түркі Республикаларының студенттері жоғары білім алу үшін Ресей Федерациясында көбінесе Татарстанды таңдайды. Рүстем Минниханов Владимир Путиннің тапсырмасымен Ресей-Ислам Әлемі Стратегиялық тұғыр тобының төрағалық міндетін атқаруда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 26 қарашада өткен президенттік ант беруден кейін 27-30 қараша арасында Ресей Федерациясына және Францияға сапармен барды. Тоқаев пен Путин кездесуінен кейін екі ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатуының 30 жылдығына орай хаттамаға қол қойылды. 29 қарашада Парижде өткен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон кездесуінен кейін 16 бабтан тұратын ортақ хаттама жарияланды. Тараптар арасында 35 келісімге қол қойылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапарлары арқылы президенттіктің алғашқы кезеңінде тепе-теңдік саясатын жалғастыруға бел байлағанын көрсетті. Әрі ең ірі стратегиялық ортағы Ресейге, әрі ең ірі сауда ортағының бірі Францияға сапары арқылы батыс пен Ресей қақтығысында тарап болмайтынын айқындады.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Түркі Республикаларында назар аударуға татитын сапарлар, кездесулер мен форумдар өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар