Ғарышта өндірілген көздің торлы қабығы соқырлықты емдеуі мүмкін

Халықаралық ғарыш стансасының бортындағы эксперимент жасанды көздің торлы қабығының микрогравитацияда пайда өндірілген кезде тиімдірек екенін анықтады. Бұл нәтиже соқырлықтың кейбір негізгі себептерін емдеуде үміт көзі болуы мүмкін.

1904393
Ғарышта өндірілген көздің торлы қабығы соқырлықты емдеуі мүмкін

Ғарышта өндірілген көздің торлы қабығы соқырлықты емдеуі мүмкін

Жарық көзге енгеннен кейін оны фоторецепторлар деп аталатын жарыққа сезімтал жасушалар электрлік сигналдарға айналдыратын органның артындағы жұқа қабат болып табылатын торлы қабыққа өтеді.  Содан кейін сигналдар тұжырымдалу мақсатында  миға жіберіледі.

Бұл - біз қалай көретінімізді жай ғана қорытындылайтын қарапайым анықтама.

Көптеген көз аурулары фоторецепторларды зақымдайды, бұл көру қабілетінің бұзылуына және тіпті соқырлыққа әкеліп соғады.

Миллиондаған адамдарға әсер ететін бұл мәселенің белгілі емі жоқ. Дегенмен ғарышта осы тақырыпқа қатысты қызықты жобалар бар.

Көздің жасанды торлы қабығы бойынша зерттеу

Коннектикут штатындағы «LambdaVision» жасанды торлы қабық жасау үшін «бактериорходопсин» деп аталатын жарықпен белсендірілген ақуызды пайдаланады.

Бұл жасанды торлар зақымдалған фоторецепторларды толтыру арқылы ретинальды дегенерациясы бар адамдарда көруді қалпына келтіру үшін керек.

Жасанды тордың әрқайсысында торлы мембранада 200 ақуыз қабаты бар.

Бұл қабаттар неғұрлым тегіс болса, имплант соғұрлым жақсы жұмыс істейді, бірақ өндіру кезінде Жердің тартылыс күші сияқты жеңіл күш те ақау тудыруы мүмкін.

Ғарыштағы Жердің тартылыс күшінің нолдік деңгейінпайдаланады

Тамаша ақуыз қабаттарына ұмтылу мақсатындағы «LambdaVision» ғарышта жасанды торлы қабық жасау мүмкіндігін зерттеуге шешім қабылдады, компания спутниктердегі микрогравитация ортасы жақсырақ өнім береді деп үміттенеді.

Компания Жерден нақты уақыттағы мәліметтермен эксперименттер жүргізу үшін қажетті барлық автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған «CubeLabs-тардың» бірін қолдану арқылы  эксперимент  «Space Tango» ғарыштық зерттеу фирмасымен бас қосты.

NASA-ның 5 миллион долларлық коммерциялық грантының қолдауымен компания 2018 жылы өзінің алғашқы «CubeLab-ын» Халықаралық ғарыш станциясына жіберді, содан кейін тағы төрт эксперимент жүргізді.

Бесінші «CubeLab» енді Жерге оралды және «LambdaVision» компаниясының алғашқы анализі бойынша, ішіндегі 200 қабатты торлар Жерде қалыптастырылған көздің торлы қабығына қарағанда тұрақты.

Әрбір микрогравитациялық эксперимент «LambdaVision» компаниясына FDA-ның 2023 жылдың соңына қарай жасанды тор қабықтарының өндіріс стандарттарына сәйкес келу мақсатына жетуге көмектесті. Келесі жылы Халықаралық Ғарыш Стансасына тағы үш «CubeLabs» жетеді деп жоспарланған.

«LambaVision» 2024 жылға қарай өзінің жасанды тор қабығы пигментті ретинитпен ауыратын науқастарды қамтитын эксперименттерге дайын болады деп үміттенеді.

Егер бұл сынақтар сәтті болса, жасқа байланысты макулярлы дегенерацияны емдеуге арналған сынақтар жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар