Әзіз Габриэль монастыры

Анадолының тұңғыштары - 5

1889864
Әзіз Габриэль монастыры

Анадолы мыңдаған жыл бойы қәдім мәдениеттерге құшақ жайған. Осында түрлі мәдениеттер жасап, түрлі мемлекеттер бой көтерген. Өркениеттер үздіксіз құрылып, өсіп-өніп, дамыған. Анадолы жері олардың барлығын кішіпейілділікпен және құрметпен қарсы алған. Анадолыда осы нанымдардың қасиетті мекендері, ғибадатханалары, сәулет ғимараттары бой көтерген. Мыңдаған жылдың куәгері, теңдесі жоқ «тұңғыштар» және «ең байырғылар» шығады алдымызға осы топырақта. Сондықтан осы бағдарламада сіздерге баяндалғандардың көбі тек Анадолының ғана емес, әлемнің де тұңғыштары.

Бүгін осы географияның байлығы көрінетін, Анадолы мозаикасын қалыптастыратын қасиетті мекендердің бірі – Әзіз Габриэль монастыры туралы айтып береміз. 

**

Әзіз Габриэль монастыры ассириялықтар қасиетті деп есептейтін, өздеріне атажұрт деп таңдаған Тур Абдин аймағында орналасқан. Бүгінгі күнгі Мардин уалаятының Мидят төңірегін қамтитын аймақты ассириялықтар Тур Абдин деп атайды. Осы аймақта христиан дінінің ерте дәуірлерінен бастап көптеген ғибадатхана және монастырь салынады.  Осы ғимараттар стильдеріне орай ассириялық православ жамағатының оригинал архитектуралық туындылары деп қабылданады.

Бүгінгі күні Тур Абдин, яғни Мардин Мидят төңірегі кеш антикалық және орта шақ дәуірлерінен қалған шіркеу және монастырьларымен ЮНЕСКО Әлемдік мұра уақытша тізімінде тұр. Дәстүрлері, мәдениеті және ежелгі халықтарымен тарих пен бүгінгі күн астасқан бір аймақ осы жер.  Әзіз Габриэль монастыры да әлемдегі қолданылып отырған ең көне ассириялық православ монастыры. 1600 жылдық монастырь ассириялықтардың тілінде «Өмір монастыры» немесе «Дін қайраткерлерінің мекені» деген мағынаға келетін «Дейрулумур» деген атпен де танымал.

**

Әзіз Габриэль монастыры да өмірдің қалыпты күйбең тірлігінен алыста,  табиғаты қиын,  адамдар жеңіл жете алмайтын жерлерге салынған. Биікте, емен ағаштарының ортасында, көзден аулақ бір жерде. Өңірге тән басқа ғимараттар секілді монастырь да сары әктастан салынған. Көздің жауын алатын тас шеберлігі, үлкендігі және ескілігімен назар аударады. Оны көргендер бірнеше ғасыр бұрын салынғанына сенбейді.

Әлемдегі қолданыстағы ең ескі монастырь – Әзіз Габриэль монастырында «Әзірет Исаның қаны және етін» суреттегендіктен жүзім мен жапырақтары  жиі қолданылған. Ғимарат ғибадат бөлмелері, мұнара, күмбезді ғимараттары, терассалардан тұрады.  Алайда ғимараттың төрт бөлімі келушілерге ашық: Үлкен шіркеу, Мәриям ана шіркеуі, Шоқындыру бөлмесі мен Әзіздер үйі. Үлкен шіркеу алтын мозаикалармен қапталған төбесімен назар аударады. Әлемдегі ең көне мозаикалардің бірі болып саналатын осы мозаикалар сонымен бірге Түркияның ең байырғы төбе мозаикасы. Өкініштісі моңғол шапқыншылығы барысында көп жері талан-таражға ұшырап, қираған.

Монастырьдың назар аударатын басқа бір бөлімі болса Әзіздер үйі.  Осы жерде көмілген он екі мың дін қайраткерінің қабірі бар.  Әзіздер үйі -  Тур Абдин аймағындағы ең үлкен мемориалды зираттардың бірі. Осы зираттарға дін қайраткерлері беттері шығысқа қараған күйде отырған қалпында көмілген.  Монастырьға аты берілген Габриэль болса кішіпейілділігінің көрсеткіші ретінде тесіктерге емес өзінің өсиетіне сай жерге отырған қалпында көмілген.

Әзіз Габриэль монастыры ассириялықтар үшін өте маңызды, себебі екінші Иерусалим ретінде қабылданады. Діни жауапкершіліктерін орындап, монастырьға жеті рет келгендер қажы деп есептеледі.

**

Ассириялықтар – бір ұлт, Месопотамияның байырғы халықтарының бірі. Олар христиандықты алғаш боп қабылдаған қоғам. Осы халықтың тарихы 5500 жылға дейін барады. Осы жерде мыңдаған жыл өмір сүрген,  Анадолының түрлілік байлығының бір символы.

Бүгінгі бағдарламамызда ассириялық көне жамағаттың әлі қолданылып отырған ғибадатханаларының бірі, Мардин Мидяттағы Әзіз Габриэль монастырын баяндап бердік. 



Ұқсас жаңалықтар