IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары Изникте өтті

Еуразия күн тәртібі – 06-2022

1889929
IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары Изникте өтті
Gimnasia - Boca Juniors .
Gimnasia - Boca Juniors ..

Бүгінгі бағдарламамызда Изник қаласында өткізілген IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарына тоқталамыз.

IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары 2022 жылы 29 қыркүйек пен 2 қазан күндері арасында Түркияның Изник қаласында өткізілді. «Біз – дәстүрден болашаққа бірміз!» ұранымен өткен IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарына 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысты. Ескерте кетейік, 2018 жылы Қырғызстанда өткен 3-ші Дүниежүзілік көшпенді ойындарына 70-тен астам елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан еді. IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарының тұмары «Өтүкен» атты көкбөрі болды.

IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарының беташар салтанатына Түркия, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және Татарстан президенттері, Қазақстан Мәжіліс төрағасы, халықаралық ұйымдардың бас хатшылары, дипломаттар, журналистер, спортшылар мен азаматтар қатысты.

IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарының беташар салтанатында сөз сөйлеген президент Режеп Тайып Ердоған көшпенді мәдениетінің жоғалуына рұқсат бермейтіндерін айтты. Беташардан кейін екі жақтылы кездесулер өткізілді.

IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары аясында Түркі әлеміне байланысты іс-шаралар да өтті. 26-27 қыркүйекте Бурса қаласында Түркі әлемінің ортақ әліпбиі кеңесі ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, Бурса қаласы 2022 жылы «Түркі әлемінің Мәдени астанасы» ретінде көптеген организацияға үй иесі болды.

Бурсадағы Меринос саябағында IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары алдында Манас апталығы өткізілді. Манас дастанын 124 сағат жатқа оқыған қырғыз Манасшы Рысбай Исақов Гиннес Рекордтар кітабына енді.

2022 жылы 30 қыркүйекте Бурсада өткізілген Түрік Мемлекеттері Ұйымының Жастар және Спорт министрлерінің 6-шы жиналысында келесі Дүниежүзілік көшпенді ойындарының 2024 жылы Қазақстанда өткізілуіне шешім қабылданды. IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары 2 қазан күні ұйымдастырылған салтанатты жабылу рәсімімен аяқталды.

Төрт күн жалғасқан және бір миллионнан астам адам тамашалаған IV Дүниежүзілік көшпенді ойындары көшпенді мәдениетінің ұмытылмағанын, бұдан былай да жалғаса беретінін көрсетті.

Олимпиада алауына балама ретінде Дүниежүзілік көшпенді ойындарында Тәңір тауынан әкелінген су қолданылды. Беташар рәсімінде президент Ердоған өзіне ұсынылған суды Изник көліне төгілуі мақсатымен тайқазанға құйды.

Дүниежүзілік көшпенді ойындарының қысқы және жазғы олимпиада ойындарына балама болатын жасырын күшке ие болғандығы себепті Түрік Мемлекеттері Ұйымы осы орайды қолдан жібермегені жөн. Жаңа ойын түрлерінің қосылуы және ойынның ең тамаша үлгімен ұйымдастырылуы бұған негіз қалайды.

Түркияның IV Дүниежүзілік көшпенді ойындарын табыспен өткізуі, әрі ортақ түрік мұрасына ие болуы және әлемге таныстыруы оның Түркі Республикалары және қоғамдарымен қарым-қатынастарын бекемдейді, Анадолы географиясы Түркі әлемі халықтары үшін қызықтыратын ортаға айналады. Дүниежүзілік көшпенді ойындары мәдени дипломатиялық құрал ретінде Түркі әлемі халықтары тарапынан екі жылда бір мәрте ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар