Сивас Кангалдағы Балыклы арасан

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері -1

1877888
Сивас Кангалдағы Балыклы арасан

ТІРКЕЛУ КҮНІ: 03.08.2002 ж

 

Түркияның Орталық Анадолы аймағында орналасқан Сивастың Кангал ауданы өзіне тән ит тұқымымен қатар ыстық су көздерімен де танымал. Кангал Балыклы арасаны аудан әкімдігінің өтініші бойынша 2002 жылы Түркияның тіркелген географиялық өнімдерінің тізіміне енді. Арасанның  әлемге әйгілі болуына оның құрамындағы «дәрігер» балығы септігін тигізді. Құрамында интенсивті селені мол арасанның суы теріні, ревматизмді және неврологиялық ауруларды, әсіресе псориазды сауықтыратыны ғылыми түрде дәлелденген. Сонымен қатар «дәрігер» балықтың аузының қозғалысымен денеде биологиялық белсенділік артады және бұл  науқастарды психологиялық тұрғыдан тынышталдырады.



Ұқсас жаңалықтар