Болашақтың тілі: Робототехникалық кодтау

Ең қызықты деректер – 01

1875919
Болашақтың тілі: Робототехникалық кодтау

Болашақтың тілі: Робототехникалық кодтау

Түркияның бас қаласы Анкарадан Түркия үні радиосының барлық достарына сәлем! Қыркүйек айынан бастап ғылым мен технология, мәдениет, өнер, тұрмыс, білім мен денсаулық сияқты өмірдің барлық салаларындағы соңғы жаңалықтарды «Ең қызықты деректер» атты бағдарлама арқылы сіздерге жеткізуге тырысамыз. Бұл аптаның тақырыбы – Болашақ тілі: Робототехникалық кодтау. 

*   *   *

Технологиялық алпауыт «Apple» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, 56 жасында қайтыс болған миллиардер Стив Джобс робототехникалық кодтау туралы не айтқанын қараңыз: 

«Менің ойымша, әрбір адам компьютерлік бағдарламалауды үйренуі керек. Компьютер тілін үйренуі керек. Өйткені ол адамдарға қалай ойлау керектігін үйретеді. Мен информатиканы әлеуметтік ғылым ретінде көремін». 

Робототехникалық кодтауды үйренуден бұрын роботтар туралы ақпаратқа ие болу керек. 

Қысқаша айтқанда, робот - бұл сенсорлардың кірісімен белгілі тапсырмаларды орындайтын бір техника. 

Роботтардың арқасында қазір көптеген жұмыстар оңайырақ. 2017 жылы «София» атты «Hanson Robotics» компаниясы жасап шығарған және жетілдірген робот Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы тарихында алғаш инновация чемпионы атанды және БҰҰ-нан алғаш «адам емес тұлға» атағын алды. Сөзсіз сәтті жазылған бір кодтың арқасында «София» табысты болды. 

Ал кодтауды бастау үшін ең жақсы жас қандай? Неліктен балалар робототехникалық кодтауды үйренуі керек? 

Кодтау неғұрлым ерте басталса, соғұрлым баланың мәселені шешу дағдылары мен талдау дағдылары тезірек дамиды. Бұл білім мектепке дейінгі кезеңнен берілуі мүмкін, өйткені осы жастағы балалар кодтау негіздерін үйренсе, оларға қызықты жаңа бір әлемнің есіктері ашылады. 

Жастардың миы әрқашан одан белсендірек және жаңа нәрселерді оңай қабылдаушы болады. Балалар оқу мен жазуды енді ғана үйрене бастаған кез робототехникалық кодтауды бастаудың тамаша уақыты. 

Робототехникалық кодтау балаларға қандай дағдыларды үйретеді? 

Робототехникалық кодтауды үйренетін балалар мықты сыншыл ойлау қабілеттерге қоса көптеген дағдыларды алады. Кодтау есептерді шешуге негізделгендіктен, балаларға басқа сабақтарын жақсы түсінуге көмектеседі. Бұл оларға аналитикалық ойлауға мүмкіндік береді. Кодтауды үйренетін балалар топтық жұмыс рухын ұғады.

Кодтаудың нақты негізі:

Алгоритм 

Алгоритм – әрекетті орындамас бұрын жасайтын жоспарымыздың атауы. Таңертең оянғанда жұмысқа немесе мектепке барар алдында не істейтініміз туралы ойланып көрдіңіз бе? Әркімнің басымдылығы әртүрлі болғанымен, алдымен бет-қолымызды жуамыз, сосын төсегімізді жинап, таңғы асымызды ішеміз. Иә, шын мәнінде, мұның барлығы алгоритм. Біз жететін мақсатқа жасаған барлық дайындықтардың жалпы атауы ... 

Компьютерсіз кодтау болмай ма? 

Информатиканы үйренудің ең жақсы әдістерінің бірі - геймификация әрекеттерімен айналадағы материалдарды пайдалану арқылы жеке тұлғаның қызығушылығы, назары және мотивациясын арттыру. 

Әдетте бұл әдіспен сауатсыз мектеп жасына дейінгі балаларды робототехникалық кодтауды үйретеді. 

Жеке тұлға әрекетте қолданатын материалдар әртүрлі ортада ыңғайлы түрде жасалуы керек. Осылайша жеке тұлғаның білуге ​​құштарлығы мен қызығушылығы артып, ойында шешімге бағытталған ойлау қабілеті дамиды. 

Робототехникалық кодтау кең тарағалы бері отбасыларды толғандырып жүрген сұрақ: Мен баламды робототехникалық кодтаумен қай жастан бастап таныстыруым керек, балама қандай пайдасы бар? 

Негізінде бұл сұрақтың жауабы сіздің балаңызға байланысты. Өйткені балалар әртүрлі кезеңде дамиды. Кейбір балалар 6 жасында робототехникалық кодтауға дайын болса, басқалар үшін 8 немесе 9 жастан бастағаны дұрыс. Ең бастысы баланы дұрыс құрал-жабдықтармен таныстыру.

 



Ұқсас жаңалықтар