Тұз жолы

Анадолының тұңғыштары - 48

1867236
Тұз жолы

 Әкесін тұз секілді жақсы көретін ханшайым ертегісінде патша қыздарынан «мені қаншалықты жақсы көресіңдер?» деп сұрайды.  «Алтындар, бриллианттар секілді» деп жауап береді үлкен қыздары.  Кенже қызы болса «тұз секілді» деп жауап қайтарады. Патшаның көңілі қалады және қызын сарайдан қуып жібереді. Қызының не айтқысы келгенін көп жылдан кейін түсінеді. Ал біреу сізге тұз секілді жақсы көретінін айтса, сіз қандай реакция берер едіңіз? Сіз де ертегідегі патша секілді ашуланар ма едіңіз? Әлде неге олай деп жауап бергенін түсінуге тырысар ма едіңіз? Денсаулығына байланысты тұз жеуіне тыйым салынғандар  кенже ханшайымның не айтқысы келгенін дереу түсінер еді. Көп қолданғанда тұз зиянды, мұны барша біледі.  Алайда тамаққа тұз салынбағанда дәмі келмейді, денеміз үшін маңызды минерал – тұз. Негізінде ол натрий. Осы минералдың судың денеге таралымында, нерв сигналдарының нерондарға жеткізілуінде және бұлшық еттерде үлкен ролі бар.  Мұны денсаулық жағынан айтып отырмыз. Тұз сонымен бірге жеген нәрселеріміздің дәмін арттыра< түседі.  Бірақ тарихта тұз өте маңызды коммерциялық тауар еді.  Жібек жолы немесе Дәмдеуіш жолы секілді Тұз жолдары да болған. Біз де бүгін сіздерге Патша жолы деп те аталған Анадолыдағы бір тұз жолы – Виа Себасте туралы айтып берелік.

 **

Анадолының қойнында мыңдаған жылдар бойы көптеген мәдениет болған.  Хеттерден бастап Анадолыда билік құрған барлық елдер жол салдырған.  Осы жолдар арқылы әрі түрлі аймақтар бір-бірімен байланысқан,  әрі сол аймақтардың қауіпсіздігі қамдалған. Жол салу тақырыбына көп көңіл бөлген мемлекет – Рим империясы. Империя үшін жол желілері егемендіктің ең маңызды символдарының бірі болған. Сол себепті империя басшылары жеңіп алынған жерлерге алдымен қалаларды байланыстыратын жол салған. «Рим территориясы- жолдар созылған жер» деген принциппен қозғалған империя елді жол желілерімен қаптап тастайды.  Тек жол салып қана қоймайды, осы жолдардың бойына гарнизондар, көпірлер, керуенсарайлар салады. Міне, Анадолының ең жақсы сақталған Рим жолы Виа Себасте немесе Патша жолы да осылардың бірі.  Екі мың жылдық ежелгі жол Патша жолы – Виа Себасте. Патара, Сагалассос және Перге секілді маңызды қалалар орналасқан Ликия, Писидия және Памфилия аймақтарын Анадолының ішкі өңірлерімен байланыстыратын, стратегиялық маңызы зор бір жол. Бір бөлімі негізгі жартас ойылып салынған,  бір бөлімі болса тас төселіп жасалған жолдың Киликиялық қарақшылармен күресу мақсатында салынғаны белгілі.

Ауқымды аймақты алып жатқан Виа Себасте патша жолының бір бөлімі сол дәуір үшін өте маңызды бір кеннің тасымалдануы үшін салынған еді. Бәлкім, естіген кезде сенбеуіңіз мүмкін,  бірақ сол маңызды зат – тұз. Себебі бүгінгі күні оңай өндірілетін тұз ежелгі дәуірлерде тапшы бір минерал болатын.  Тұз тұрғысынан бай жерлер уақыт өте келе маңызды сауда орталықтарына айналды.  Анадолының қәдім өркениеттерінің бірі болған хеттер сына жазумен жазылған табақшаларында тұз саудасының ережелерін жазып кеткен. Бір кездері Рим әскерлерінің жалақылары да тұзбен төленді.  Соншама құнды бір минералдың тасымалдануы үшін дәл Жібек жолы немесе Дәмдеуіш жолы секілді Тұз жолы желісі де қалыптасты.  Виа Себасте жолының маңызды бөлімін қалыптастырған Исаура жолы да Тұз жолы деп аталатын. Осы жол римдіктер «Татта лакыс», яғни «Тұз жолы» деп атаған Анадолының жалғыз тұз көзіне дейін созылады.  Екі мың жыл бойы Памфилия жағалауынан Исаураға зәйтүнмайы тасымалданған  осы жолда, қайтарда да тұз. Міне,  осы тұз жалақының төленуін қамдайды, антисептик ретінде қолданылады, азық-түлікті қорғайды және тамақтарға дәм береді.  Ежелгі дәуірде тұздан пайдаланбаған сала қалмаған секілді.

Бүгінгі күні Кония мен Алания арасындағы Исаура ежелгі тұз жолы халықаралық стандарттарға сай белгіленіп,  жаңа табиғи серуен ротасына айналдырылды.  Су қоймалары, құдықтар, керуенсарай қалдықтары,  көпірлер арасынан өтетін 175 километрлік жол – Тұз жолы.  Екі мың жылдық осы ежелгі жолда жүре отырып, тұздың тапшы ресурс болған кездерді,  тұз керуендерін ойламай тұра алмайсыз.

**

Грек тілінде «тұзға күнә жасау», парсы тілінде «тұзға опасыздық жасау» және түрік тілінде «тұз құқығы» деген сөздер, діни мәтіндерде тұз туралы айтылғандар тұздың барлық өркениет пен мәдениетте өзіндік орны бар екенін көрсетеді. Тұздың адам өмірінде маңызды орны бар екенін сіз де байқап па едіңі?

**

Мамандар адамдардың он бір мың жыл бұрын тұзды өз өмірлеріне алғанын анықтады.  Азық-түлікті сақтау және кептіру, сиқыр мен түрлі діни әдеттерде, тауар алмастыру және жалақы төлеуде қолданылған,  түрлі мағынаға ие болған тұз. Тұз жетпеген территорияларға километрлеп жеткізілетін коммерциялық тауарға айналған.  Тұз жолдары болса осылай ортаға шыққан.  Сондықтан ежелгі дәуірде Италия,  Германия және Анадолыда тұз жолдары қалыптасқан. Біз де бүгін сіздерге Рим дәуірінен қалған Анадолының ең жақсы сақталған тұз жолы Виа Себасте және сол жолдың ең маңызды бөлімі Исаура Тұз жолы туралы баяндап бердік.



Ұқсас жаңалықтар