Әлемдегі ең ұзын жағажайларының бірінің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 49

1864737
Әлемдегі ең ұзын жағажайларының бірінің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі ең ұзын жағажайлардың бірінің Түркияда екенін білетінбе едіңіз?

 

Түркияның оңтүстігінде Хатай қаласы шекарасындағы ұзындығы 14 шақырымдық Самандағ жағалауының әлемдегі ең ұзын жағажайларының бірі болып табылады. Түркияның болса ең ұзын жағажайы болған Самандағ жағажайы сондай-ақ қоғамдық жағажай болып табылады. Бұл жағажайдағы теңіз белгілі маусымдарда өте толқынды болғанына қарамастан әсіресе күзде тыныш болады.

Жағажайға жақын орналасқан Титус туннелі болса көруге тұрарлық орындардың бірі. Рим империясы кезінде біздің дәуірімізден бұрын 1-ғасырда салынған туннель адам қолымен жасалған алғаш ұзын туннелі болып қабылданады. Толығымен тауға ойылған ұзындығы 1 мың 380 метр, биіктігі 7 метр және ені 6 метр болған туннельдің таудан келетін судың портқа кері ықпал етпеуі мақсатты салынған.

Туннельдің теңіз жағындағы кіреберісіне жақын жерде болса, құрамында көптеген жартас қабірлері орын алатын Бешикли үңгірі және одан әрі маңызды ежелгі порт қаласы Селевсия Пиерия (Seleucia Pieria) бар.

Самандаг жағалауы жойылып кету қаупі төнген Chelonia Mydas және Caretta Caretta теңіз тасбақалары үшін әлемдегі санаулы уылдырық шашатын және көбейетін аймақтардың бірі ретінде де маңызды.



Ұқсас жаңалықтар