Каспий Мемлекет басшылары саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 45

1852928
Каспий Мемлекет басшылары саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Ашхабад қаласында ұйымдастырылған 6-шы Каспий Мемлекет басшылары саммитіне тоқталамыз.

2022 жылы 29 маусымда Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында 6-шы Каспий Мемлекет басшылары саммиті ұйымдастырылды. Саммитке Каспий теңізінде жағалауы бар Әзербайжан, Түрікменстан, Қазақстан, Иран Ислам Республикасы және Ресей Федерациясы лидерлері қатысты. Аркадаг қонақүйінде өткен саммитте энергетика, көлік, шекара және экологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелер талқыланды.

Саммиттің беташарында сөз сөйлеген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов бес ел арасында жеке меншік кәсіпорындардың және экономикалық ынтымақтастықтың күшеюі керектігін білдіріп, Бизнес Кеңесінің құрылуын ұсыныс етті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде Халықаралық Оңтүстік-Солтүстік Қатынас дәлізін толық қолдану керектігін білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин саммиттегі сөзінде Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасында ынтымақтасты бекемдеу керектігін білдірді. Айта кетерлік жағдай, Владимир Путин Украинаға шабуыл жасаған күннен бері тұңғыш рет шетелге сапарында Тәжікстанға барғаннан кейін саммит үшін Түрікменстанға келді.

Саммит соңында ортақ хаттамаға қол қойылды. Аталмыш хаттамада Каспий теңізінің бейбітшілік үшін қолданылуы, теңізге байланысты мәселелердің диалог жолымен шешімін табуы, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қамдалуы, теңізге шекаралас елдердің транзит өткел құқығының маңыздылығы атап көрсетілді. Келесі саммиттің Иран Ислам Республикасында ұйымдастырылатыны жарияланды.

Саммитке қатысқан лидерлер Түрікменстан Мәжіліс төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен жеке-жеке кездесті. Лидерлер Құрбанқұлы Бердімұхаммедовты туған күнімен құттықтады. Бұл жағдай Түрікменстанда негізгі шешім иесінің әлі де Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың офисі екенін көрсетті.

Саммит аясында лидерлер арасында екі жақтылы кездесулер де өткізілді. Осы кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер қолға алынды.

Ақтауда 4 жылдың алдында өткізілген 5-ші Каспий Мемлекеттерінің лидерлер саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы келісімге қол қойылған болатын. Қазірге дейін Ираннан басқа 4 ел келісімді мәжілістерінде мақұлдады. Каспийдің теңіз астындағы байлығын барлау тақырыбында бес ел арасында келісім жасалды. Шығыс пен батыс қатынасында Каспий теңізінде ро-ро сапарларының жасалуы, қатынас үшін кемежайлардың күшін арттыру тақырыбында Әзербайжан, Қазақстан мен Түрікменстан тарапынан қажетті инвестициялар салынды.

Каспийге жағалауы бар елдердің қорғаныс министрлері арасында өзара сапарлар, ортақ әскери жаттығулар мен түрліше жарыстар оздырылды. Тараптар Каспий теңізіне шетелдік қарулы күштердің орналастырылмауы тақырыбында келісімге келді.

Аталмыш елдер Каспий теңізінің биологиялық-экологиялық түрлерін қорғауға, кірлетпеуге күш салуы қажет. Өйткені соңғы жылдарда Каспийге құйған өзен суларының азайғаны байқалды. Каспий теңізінде қоршаған ортаның ауыр зақымдалуы тек жағалаудағы бес елге ғана емес, Еуразия аймағындағы көптеген елге нашар әсер етеді.

Қорыта айтқанда, Ашхабадта ұйымдастырылған 6-шы Каспий Мемлекет басшылары саммиті аймақтық ынтымақтастық, Каспий теңізінің болашағы тақырыптарында аталған елдердің бірге әрекет жасайтынын көрсетіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар