Стамбулдың тарихының 8 мың 500 жылдық екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 39

1834664
Стамбулдың тарихының 8 мың 500 жылдық екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулдағы қатынас жүйесі құрылысы үшін басталған қазба жұмыстарында қаланың 8 мың 500 жылдық тарихына тиесілі белгілер табылғанын білетін бе едіңіз?

Географиялық тұғырымен байланысты көне заманнан бері стратегиялық бір қала болған Стамбул Рим империясының бас қаласы болып жарияланғаннан кейін маңызы одан да арта түсті.

Византия империясы мен Осман империясы тарапынан да бас қала ретінде пайдаланылған қала «Үш империяның бас қаласы» ретінде белгілі.

Осы үш ұлы өркениеттің мәдениетіне қонақжайлық жасаған Стамбулдың бай мұрасы 2004-2013 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазбалармен жарыққа шықты.

Босфор бұғазының астынан өтетін туннель үшін 2004 жылы басталған құрылыс жұмыстары кезінде қаланың Еуропа жағындағы Йеникапы ауданында археологиялық жәдігерлер табылды. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары үзіліп, өте ауқымды археологиялық топпен қазба жұмыстары басталды және Стамбулдың көне дәуірін ашатын өте маңызды археологиялық және тарихи мәліметтерге қол жеткізілді. Қазбалардың ең төменгі қабатынан 8 мың - 8 мың 200 жылдық неолиттік қоныс табылды. Осы жер Стамбулдың ең көне қонысы болып табылады. Византия империясының бас қаласы Константинопольдің ең маңызды порттарының бірі Феодосия портының қалдықтары да табылды.

Батып кеткен 37 кеменің қалдықтары да табылған қазбалар ғасырымыздың ең ірі археологиялық қазбаларының бірі болып қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар