Онихокриптозды (аяқтың тырнағын) емдеу

«Денсаулық зор байлық» - 37

1827200
Онихокриптозды (аяқтың тырнағын) емдеу

 

Бұл бағдарламамызда онихокриптозды (аяқтың тырнағы) емдеудің табиғи жолдары туралы шешімдерді тілге тиек етеміз. Дегенмен сіздің қабынған тырнағыңыз жазылмаса, міндетті түрде дәрігерге бару керектігін еске сала кетейік. 

Онихокриптоз – тырнақ жарақаттарының салдарынан саусақтың жұмсақ бөліктерінде пайда болатын қабыну. Біздің қалыпты өмірімізге теріс әсер ететін тырнақтың батуы емделмеген жағдайда қабынуға әкеледі. 

Онихокриптозды емдеудің табиғи жолдары: 

Алма сірке суы 

Егер өсіп кеткен тырнақтар жүруге кедергі келтірсе; күн сайын кешке тек аяғыңыз үшін қолданылатын бір ыдысқа алма сірке суы мен су қоспасын қосыңыз. Бұл қоспаның ішіне аяғыңызды шамамен 15 минутқа салыңыз. 

Ыңғайлы шұлық пен аяқ киім кию 

Тар және тығыз шұлықтар мен аяқ киімнің орнына одан кеңірек және аяқты қыспайтын өнімдерді таңдау керек. Емдеу процесінде аяқ киім мен шұлық киюдің орнына сандал мен тәпішке таңдаған жөн. 

Тырнақты қорғау құралы  

Бұл қорғаушылар саусақтың айналасында бір алқадай тұратын немесе саусаққа салуға болатын дизайндар. 

Сабынды су 

Әсіресе құрамында зәйтүн майы бар сабындарды қолдансаңыз, тырнақ астындағы қабынуды кетіруге де көмектеседі. 

Аяқтарыңызды сабынды суға шамамен 15 минут салып, содан кейін тырнақтарыңызды тазалаңыз. 

Шай ағашының эфир майы 

Шай ағашының майы - антиоксидант және антисептикалық өсімдік майы. Терінің ісінуі мен қызаруы үшін қолданылады. Тырнақтың шөгіп кеткеніне шағымданатындар күн сайын ұйықтар алдында шай ағашының майын қолданып, тырнақтарды мақтамен уқалау керек. 

Шай ағашы майын қолданбас бұрын, тырнақтарыңызды түзетіп, содан кейін тырнақтарға шай ағашының майын жағуға болады. 

Сарымсақ 

Онихокриптоз үшін 1 үлкен сарымсақ түйірін езіп, тырнақ өскен саусаққа жағу керек. Тырнақта 1 сағат ұстағаннан кейін аяқты жууға болады. 

Дәрілік мариголд эфир майы 

Мақта шарының үстіне дәрілік мариголд эфир майының 2 тамшысын тамызып, бұл мақтаны тырнақтарыңыз өскен саусағыңызға салыңыз. Ол неғұрлым ұзақ күтсе, соғұрлым ол тырнақ түбінің ауырсынуына және қабынуына әсер етеді. 

Бал және лимон шырыны 

Тырнақтардың өсуіне байланысты саусақтардағы қызару мен ісінуді бал және лимон суымен кетіруге болады.1 шай қасық балға бірнеше тамшы лимон шырынын сығып, бұл қоспаны тырнақтарға жағыңыз. Тырнақты дәкеге орап, біраз күтіңіз. 

Қалақай ботқасы 

Қалақай ботқасын дайындау үшін бір уыс жасыл қалақай алып, оны суға қайнатыңыз. Қалақай ботқасын жаққан жерге 10-15 минут ұстауыңыз жеткілікті. 

Тимьян суы 

Тимьян шайын үлкен және қолайлы бір ​бассейнге ауыстырып, осы суға тырнақ өскен саусақтарды батырыңыз. Тимьян суы моншасын 1 апта бойынша жалғастыруыңыз тырнақтың өсу шағымдарын жеңілдетуге көмектеседі. 

Сондай-ақ тырнақ біткенше кеспеңіз, оның өсуін күтіңіз. 

Тырнақ өсуінің алдын алу үшін не істеуге болады? 

  • Тырнақтарыңызды тым қысқа кеспеуге тырысыңыз. 
  • Тырнақтарды кескенде бұрыштарды сопақ кесуге болмайды, оларды жарты ай түрінде кесіңіз.
  • Мақта шұлықтарын киіңіз және шұлықтарыңызды күнде ауыстырыңыз. 
  • Егер сіздің де тырнақ өсу проблемаңыз болса, бұл процесс кезінде саусақтарыңызды ашық қалдыратын аяқ киімді таңдаңыз. 
  • Тар, үшкір мұрын және биік өкшелі аяқ киімдер қолданбауға тырысыңыз.  
  • Тырнақтарыңызды өзіңіз қиюға мүмкіндігіңіз болмаса, тырнақ күтімі үшін сенімді жерде педикюр жасап көріңіз. 
  • Аяғыңыздың құрғақ болуын қадағалаңыз. 
  • Тырнағыңыз қабынған және кетпейтін болса, міндетті түрде дәрігерге барыңыз 

Дәрігер Мехмет Учар 



Ұқсас жаңалықтар