Адамның ұшу арманы мен Маньяс құс жұмағы

Анадолының тұңғыштары - 28

1812205
Адамның ұшу арманы мен Маньяс құс жұмағы

Патша Минос құбыжық Минотаврдың одан да көп жауыздық жасауының алдын алғысы келеді. Себебі Минотавр адам жейді және сондықтан халықтың жанына қауіп төнеді. Патша афиналық сәулетші Дедалдан көмек сұрайды. Дедал баласы Икармен бірге дереу бір лабиринт салады. Минотавр лабиринтте қалады, бірақ мәселе осымен шешілмейді. Патша осылардың барлығына Дедал жауапты деп есептейді. Баласымен бірге сәулетшіні лабиринттің ішіндегі бір мұнараға қамап қояды. Қамауда қалғысы келмеген Дедал құстың қанаттарын жинап, артынан оларды жабыстырып, баласы Икарға және өзіне қанат жасап алады. Баласына «көп биіктен де ұшпа, өте төменнен де ұшпа» дейді. Бірақ қанатты тағып, аспанда қалықтай бастаған Икар басқа сезімдерге бөленіп, адамның жасай алмайтын нәрселерін жасайды. Ол еркін ұшады. Табиғатқа қарсы шығады, құдайларға да. Пәни еместігін ойлап, әкесінің айтқан ескертулерін ұмытып, Күнге қарай биіктейді. Күн сәулесі қысқа уақытта Икардың қанаттарын бірлестіріп тұрған балауызды ерітіп, Икар өте биіктен Эгей теңізіне келіп құлайды.

Адамдардың құс болып ұшуды армандайтыны туралы ең байырғы хикая бұл. Ұша алу. Адамның ең үлкен арманы, ең қол жетпес қиялы, бас тартылмас сағынышы. Адамдар ғасырлар бойы құс болып ұшуды армандаған. Себебі құстар үшін шекара жоқ, қашықтықтар мағынасыз. Кейбірі тек бір аймақта өмір сүреді, алысқа бармайды,  кейбірі әлемді шарлайды.

Түркияда бес жүзге таман құс түрі өмір сүреді.  Көбінің өсіп өну алаңы мен ұясы өзен қойнауына жақын жерлер. Осы жерлерді біз «Құс жұмағы» деп атаймыз, себебі табиғаты және өзгеше тіршілік қалпымен бізге жұмақ секілді бір әлемнің қақпасын ашады. Бүгін Анадолының, бәлкім әлемнің ең ескі ұлттық саябақтарының бірі Маньяс құс жұмағы туралы айтып береміз.  

**

Маньяс құс жұмағы Балыкесир қаласы территориясында, Ұлттық саябақ мәртебесін алған жер. Сонымен бірге Түркияда «Құс жұмағы» атағын алған алғашқы алаң. Мықты геосаяси тұғыры дәне табиғи әсемдігімен тарих бойы көптеген өркениет қоныс тепкен осы жерде.  Фригтер, лидиялықтар, парсылар өмір сүрген.  Ежелгі дәуір жазушыларының көбі көл жөнінде мақтауға толы қолжазба қалдырған.  Аймақ «жұмақ» деген мағынаға келетін «парадейсос» деп аталады.  Парсылар кезінде осы жерде әкімшілік болған.  Аймақтың жануар және өсімдік әлемін сақтау осы әкімдіктің міндеттері арасында болған.  Сондықтан кейбір ережелер қалыптасқан.  Міне, сондықтан қорғауға алынған тарихтың тұңғыш ұлттық саябағының Анадолыда болғаны туралы көзқарасты білдіреді кейбір мамандар.

**

Құс жұмағы Маньяс көлі мен төңірегіндегі сулы алаңды қамтиды.  Көлдің құрылымы мен оны мекендейтін жандылардың түрлілігі әрі құстар, әрі жабайы жануарлардың жетілуі үшін үлкен артықшылық қамдайды.  Қоңыржай климаты және ыңғайлы хабитатымен жылдың барлық мезгілінде құстар паналай алатын, өсіп өне алатын бір атмосферасы бар. Маньяс көлі ауқымды және таяз тұщы су көлі. Тереңдігі орташа үш метр. Көл және жақын төңірегінде жүзден астам өсімдік түрі мен көптеген жәндік пен балыққа мекен. Қыс айларындағы жауын  шашын және қармен көктемде көлдің суы биіктеп, шалғын мен саздық алаңдар сумен жабылады. Организмдер топырақтан суға өтіп, балықтар мен суда өмір сүретін басқа да жәндіктер осылармен қоректенеді.  Құстар да балықтармен.  Жаз айларында кепкен шалғын және саздар бұл жолы көптеген кішкентай жәндіктердің өніп, жетілуіне мүмкіндік береді.  Мыңдаған құстың сенімді ұя салып, көбеюіне ыңғайлы маусым басталады.  Осы керемет цикл жанды және жансыз болмыстарымен бірге Маньяс көлін теңдесі жоқ экожүйеге айналдырады.   

**

Маньяс құс жұмағы басқа ұлттық саябақтармен салыстырғанда өте үлкен емес негізінде, бірақ мекендейтін түрлер тұрғысынан өте маңызды. Себебі саябақ алаңы Азия, Еуропа және Африка құрлықтарының басты көш жолдарының бойында орналасқан.  Маньяс құс жұмағы тек құрлықтар арасындағы бір аялдама ғана емес әрине, сонымен бірге өзіндік экожүйесіне ие.  Сондықтан Түркияның және әлемнің ең маңызды құс тіршілік алаңдарының бірі ретінде қабылданады.

 Биологиялық түрлілік тұрғысынан халықаралық деңгейде маңызды осы ұлттық саябақта 266 құс түрі анықталған.  Кейбірі жүйелі түрде ұя салып, жұмыртқасын өсіріп, көбі көш кезінде осында болады. Қыс маусымын өткізгеннен кейін жолын жалғастырады. Жыл сайын 2-3 миллион құс келеді Маньясқа. Осылардың арасында тұқымы таусылу қаупіндегі түрлер тізіміндегі бұйра бірқазан, кішкене суқұзғын және ақбас үйрек те бар. Бір түрдің әлемнен жойылып кетуінің алдын алу және ұрпақтың жалғасын табуы тұрғысынан осы алаң өте құнды. Сондықтан Еуропа Кеңесі құс байлығы, табысты қорғау әдістері, бір құрлықтың құнын арттыруы себебімен Маньяс құс жұмағын 1976 жылы ең жоғары категориядағы «А сыныбы дипломмен» марапаттаған.

**

Құс деп қоя салмау керек.  Оның үстіне көшпелі құс туралы айтатын болсақ, мұқият қарауымыз және оларға құрмет көрсету керек деп ойлаймыз.  Себебі тоғыз күн бойы тоқтамастан ұшу оңай емес.  Тіршілігін жалғастыру үшін мыңдаған км қанат қағу деген ерлік емес пе? Соншама алыстан келіп, қонатын немесе ұя салатын осы құстарға жаңа өмірлерінің бастауында куә болу еш қиын емес.  Бұл үшін құс бақылау және құс бақылаушысы болу жеткілікті.

Құстарды барлық жерде бақылауға болады әрине, бірақ әлемнің алыс жерлерінен келген сол ерекше құстарды көру үшін арнайы алаңдарға бару керек.  Маньяс құс жұмағы әрбір ағаш бұтағында сегіз он түрлі құс түрі жұмыртқа өсірген ерекше бір алаң.  Бұрын еш көрмеген құстарды, жұмыртқаларынан шыққан балапандарды,  оларды тамақтандырған ана құстарды тамашалай аласыз немесе бірінші рет ұшуға талпынған құстардың алғашқы қанат қағысына куә бола аласыз.  Кейбірінің тұмсығы көк,  кейбірінің мойны қызыл, кейбірінің жүні әсем, кейбірінің қанаттары түрлі түсті. Түрлі сайраған дауыстары және түрлі көріністерімен Маньяс құс жұмағы сіздерді басқаша бір әлемге жетелейді.

**

Құстардың, сулы алаңдардың және табиғаттың қорғалуына басшылық жасаған Маньяс құс жұмағы. Көшпенді құстарды тамашалау үшін Түркияда еске бірден түсетін жерлердің бірі.  Жүздеген өсімдік және жануар түріне үйлесімділікпен өмір сүретін тіршілік алаңын ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар