Сал ауруы (паралич)

«Денсаулық зор байлық» - 23

1779983
Сал ауруы (паралич)

Бүгінгі бағдарламамызда «Сал ауруына (паралич)  арналған табиғи» шешімдерді тілге тиек етеміз.

Сал аруы (паралич-парез) бет бұлшықеттерінің бір бөлігі немесе барлығын қозғалта алмау. Басқаша айтқанда, орталық не шеткі жүйке жүйесі қозғалыс орталығының зақымдануынан қимыл, қозғалыс органдары қызметінің толықтай жойылуы.

Бетке келетін жүйке талшықтарының зақымдануы нәтижесінде мимикалық бұлшықеттерде қозғалыс жоғалады. Кез келген жаста көрінетін бұл денсаулық мәселесінде науқас қасын көтеріп, көзін жұмып, аузын қозғалта алмайды. Бет паралич нервінің зақымдануынан бет мимикалық бұлшықеттерінде қозғалыс бұзылады. Бұл жағдайды медицинада «бет параличі» деп де атайды.

Бет сал ауруына пайдалы болуы мүмкін табиғи ұсыныстарды төмендегідей атауға болады:

· Кокос майы

1 ас қасық таза кокос майын алыңыз және оны аздап жылытыңыз. Зақымдалған жағына назар аудара отырып, бетіңізді ақырын уқалаңыз. Оны жуар алдында кем дегенде 30 минутқа қалдырыңыз. Мұны күніне 2-3 рет жасаңыз.

· Массаж

Бір шай қасық кокос майына алты тамшы лаванда эфир майын немесе түймедақ майын қосыңыз. Бұл қоспамен бетіңіздің зақымдалған жағын бірнеше минутқа ақырын уқалаңыз, оны 20 минутқа қалдырыңыз, содан кейін оны шайыңыз. Күніне екі рет бетіңізге массаж жасау керек.

· В12 дәрумені

В12 дәруменіне бай тағамдарды тұтыну керек.

Мысалы,

Қызыл ет: қызыл еті бар жануарлардың бауыр және бүйрек өнімдері, әсіресе қой В12 жоғары мөлшердегі тағамдардың қатарына жатады.

Сүт және сүт өнімдері: сүт, йогурт, ірімшік.

Балық және теңіз өнімдері: скумбрия, сардина, лосось, форель және тунец.

Ақ ет пен жұмыртқа (тауық бауыры және жұмыртқаның сарысы) В12 витаминіне бай тағамдар болып табылады.

· Қара зире майы

Бір шай қасық қара зире ұнтағын бір шай қасық балмен араластырыңыз. Бұл қоспаны күнделікті тұтыныңыз. Сондай-ақ бетіңізді қара зире майымен уқалауға болады.

Қара зире ұнтағының бал қоспасын күніне екі рет қолданыңыз.

· Кастор майы

Екі шай қасық кастор майын сәл жылытып, бетке ақырын уқалаңыз. Таза матаны ыстық суға батырыңыз. Артық судан құтылу үшін матаны сығып, бетіңізге жағыңыз. Шүберекті салқындағаннан кейін оны ыстық суға салып, процесті қайталаңыз. Жеңілдеу үшін мұны күніне екі рет жасаңыз.

· Көк шай

Көк шайды күніне 2-3 рет бал араластырып ішу керек.

· Сарымсақ және зәйтүн майы

Сарымсақтың үш түйірін ұсақтаңыз. Ұсақталған сарымсаққа бір шай қасық зәйтүн майын қосып, оны бір жолда тұтыныңыз. Бұл қоспаны күніне екі рет қолданыңыз.

· Зімбір

Зімбір ұнтағын сұйық балмен араластыру арқылы қоюландырып жасайды. Таңертең және кешке бір шай қасық жейді. Зімбір шайын күніне 2-3 рет бал қосып ішуге болады.

· Арша майы

Бетке арша майымен массаж жасауға болады.

· Лаванда гүлі

50 грамм жылы суға 3 уыс лаванда гүлін салыңыз. 48 сағат бойы сақтап, шүберекпен сүзіңіз. Бұл қоспаны беттің зақымдалған жағына ақырын уқалау арқылы жағыңыз.

· Розмари шайы

1 стакан ыстық суға 10 грамм розмарин салыңыз. Оны 10 минут ұстаңыз және күніне 2-3 стакан ішіңіз.

 



Ұқсас жаңалықтар