Ыхлара сайының әлемнің маңызды каньондарының бірі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 19

1759626
Ыхлара сайының әлемнің маңызды каньондарының бірі екенін білетін бе едіңіз?

Ұзындығы 18 шақырым, тереңдігі орташа 150 метр және ені 200 метрлік Ыхлара сайы - Анадолының орталығындағы Ақсарай қаласы шекарасында орналасқан. Мыңдаған тіршілік алаңы бар Ыхлара сайының басқа каньондармен салыстырғанда басты ерекшелігі бұрынғы ғасырларда адамдар өмір сүрген әлемдегі ең үлкен каньон болуы. Сайды қоршаған жартастарға ойылған жүздеген фрескалар орын алған шіркеу мен орындар сайды әлемдегі ең маңызды мәдениет пен өркениет орталықтарының біріне айналдырады.

Ыхлара сайы өзінің табиғатымен де Түркияда көруге тұрарлық орындардың бірі. Қабырғадай тік, терең әрі тар сайдың етегіндегі судың шетінде қалың жасыл жолақ орналасқан. Сайдың айналасында дала тәрізді көрінетін және аласа өсімдіктер көзге түседі. Дегенмен сайдың баурайынан қараған кезде табиғаттың бай және жасыл бір табиғат көрінеді. Аймақта континенттік климат басым болғанымен, сайдың түбінде Жер орта теңізінің климаты сезіледі.



Ұқсас жаңалықтар