Книд ежелгі қаласы және Афродита мүсіні

Анадолының тұңғыштары -15

1758983
Книд ежелгі қаласы және Афродита мүсіні

Тарихтағы тұңғыш сұлулық байқаулары болған мекен – осы топырақтар. Құдайлар арасында болған осы сұлулық байқауының бұдан төрт мың жыл бұрын өткізілгені айтылады. Әйел құдайлардың арасындағы ең сұлуы деген атақты алу үшін төрешінің басын айналдырады Афродита. Осы арқылы Троя шайқасының басталуына себеп болады. Бірақ «Ең сұлу пір» атағын да алады. Афродита есімі ғасырлар бойы әлемдегі ең сұлу әйел, мінсіз мүсін және мінсіздік секілді ұғымдармен бірге аталады. Осы ұғымдармен қабысып кетеді. Әйел құдай үшін көптеген храм салынады және сансыз мүсін тұрғызылады.  Біз де бүгін өнер тарихының тұңғыштары арасына енетін Датчадағы Книдос Афродита мүсіні туралы айтып береміз.

**

Афродита грек мифологиясында махаббат пен сұлулық пірі деп аталады.  Теңіз шаруашылығымен айналысатындардың қорғаушысы және сонымен бірге тиімділік, туу және берекеттің құдайы.  Сол кездің атақты мүсіншісі Пракситель теңізші қоғамы Книдостықтар үшін бір мүсін тұрғызады.  «Жалаңаш Афродита» деп аталған осы Книд Афродита мүсіні әлемдегі тұңғыш жалаңаш әйел мүсіні. Сондықтан маңызды. Кейінгі жылдары әйел мен әйел денесі әйел құдай Афродитаның фигурасында бір метаға айналатын болса да, сол кезең үшін жаңа дәуір ашқан бір іс - мүсінші Праксительдің ісі.

            Сол кезге дейін тек грек құдайларының, яғни еркектердің осындай мүсіндері жасалып, әйел құдайлар болса киімдерімен ойылатын. Бұның әдепсіздікке қатысы жоқ. Еркектер егемен болған және мифологиясында да осының әсерлері анық көрінетін Эллин өркениеті үшін кереметі – ер адамның денесі. Сондықтан көрсетілуіне ешбір кедергі болмаған.  Әйел денесінің міні бар деп сенген, сондықтан киіммен суреттелген.

 Өнер тарихында жаңа тақырыптың алғашқы мысалы болады Книд Афродита мүсіні,  алайда мұнымен шектелмейді. Бұл туынды сонымен бірге әйелдің Эллин қоғамында орын ала бастайтынын да сүйіншілейді.  Ғасырлар бойы көптеген өнер қайраткеріне шабыт болып,  тек мүсін емес, сурет, поэзия, роман және фильмге де арқау болады әйел денесі.

**

Афродита – әйел құдай. Физикалық сұлулықтан гөрі діни сұлулықтың бір бейнесі.  Мүсін де осы ойдың көрсеткіші. Ежелгі дәуір өнерінің мақтаныш сезімін оятатын туындыларының бірі Книд Афродитасы.  Осы эстетика кереметін «бүкіл ежелгі әлемде көруге тұратын көркем шығарма» деп атайды сол кездің жазушылары. Мүсінші Книд Афродитасын моншаға түсуге дайындалып жатқан күйі суреттейді. Сондықтан діни мағынасы бар, себебі жуыну ісі басқа барлық құдайларда болғаны секілді міндетті ритуал.

Книд тұрғындары теңіздерді қорғайтын Афродитадан медет сұрайды. Сондықтан мүсін Книдте теңізшілер барлық жерден көре алатындай қылып биік храмның алдына орналастырылады. Оның қауіпті жерлерді көретіні, дауыл тұрған күндері бір сайды паналауына көмектеседі деп сенеді. Мүсінді көрген теңізшілер өздерін сенімде сезінеді. Мамандар мүсін барлық жақтан көрінетіндей болу үшін храмды шеңбер секілді салған деп болжайды. Афродита храмы деп те аталған ғимарат «Дөңгелек храм» деп аталған.  Алайда бұлардың барлығы болжам. Себебі көп уақыт бойы ізделген осы керемет мүсін храмда да, Книдте де, басқа бір жерде де табылған емес. Зерттеушілердің қолында сол дәуірлерде осы аймақты аралаған саяхатшылардың жазғандары, қазбаларда табылған Афродита суреті салынған монеталар және осы храмдікі деп есептелген қабырға суреттері туралы түрлі мәліметтер ғана бар.

**

Книдтің көздің жауын алатын басқа ғимараттарына өтпестен бұрын қала туралы айтып өтелік.  Бүгін Датча түбегінің ең ұшында орын алған Книд ежелгі дәуірдің маңызды сауда, мәдениет және өнер қалаларының бірі болған. Эгей теңізі және Жерорта теңізі тоғысқан жерде орын алуына байланысты теңізшілік тұрғысынан да едәуір маңызды болатын. Жерорта теңізінен Қаратеңізге кеткен кемелердің аялдамасы болған осы Книд.  Теңізшілердің жабдықтары және сауда тауарларын қамдауы үшін, демалу үшін таптырмас мекен. Пана болған табиғи порттарымен нашар ауа райында теңізшілерді құтқарып қалатын еді.  Бастапқыда қала құрлық және бүгінгі күні «Түйе мойыны» деп аталған Кап Крио аралынан тұратын еді.  Сондықтан сол кездің атақты географы Страбон Книдті «қос қала» деп атаған. Уақыт өте келе арал мен құрлық арасындағы теңіз толтырылады және осылайша екі бөлек порт шығады. Солтүстіктегі Эгей порты ықтау болғандықтан әскери мақсатты қолданылады,  оңтүстіктегі порт болса сауда кемелеріне бөлінеді. Сол кезде теңіз толтыру техникасының білінуі және табыспен атқарылуы адамды таңғалдыратын инженерлік жетістігі ретінде алдымызға шығады.

Книд ежелгі қаласындағы ғимараттар жер бедерінің кедір-бұдырлы болуына байланысты терасса түрінде орналастырылады. Қаланың ең биік жеріне салынған Дөңгелек храм немесе басқа атымен Афродита храмы туралы жоғарыда айтып өткен едік. Книдтің көзге түсетін басқа ғимараттары болса дүкен және сауда орталықтары ретінде белгілі Стоа, берекет құдайы Деметер үшін салынған Қасиетті алаң, жиырма мың адам сиятын Үлкен Театр, Аполлон және Дионисос храмы. Айырықша ежелгі дәуірдің ең үлкен некропольдерінің, яғни қабірстандарының бірі де осы қалада табылады.

Дәулеті және сұлулығымен танымал қала көптеген рет талан-таражға түседі.  Уақыт өтіп, дәуірі аяқталғанда да жалғасады осы талан-тараж. Кейбірі тапқан нәрселерін еліне әкетіп, бай болғысы келеді, кейбірі бір нәрсені, яғни Афродита мүсінін табу және атақты болу үшін талпынады. 19-20-ғасырларда жүйесіз жасалған қазбаларда Книд көп зиян шегеді.  Қазбаларда табылған жәдігерлер шетелге алып қашырылады. Үлкендігі, салмағы және көркем өнер құнымен әйгілі Книд арыстаны және шын адам бойында ойылған берекет құдайы Книд Деметері өзінің мекенінен алыста, қазір Лондонда көрмеге қойылған.

**

Афродита мүсінін жасап, тұңғыш жаңалыққа қолтаңба басқан мүсінші Пракситель қаланың атақты туризм орталығы болуын қамдайды. Книдтің тек өнерде ғана емес, ғылым мен мәдениетте де көш бастайтын бір қала болуына үлес қосқан басқа тұлғаларды да айтып өтелік. Архимедке, Евклидке жол көрсетуші болған, ғаламның құрылымын математикалық тұрғыдан бірінші рет көрсеткен математик, астроном және ойшыл Евдокс -  Книд қаласының тұрғыны. Ежелгі дәуірдің жеті кереметінің бірі болған Мысырдағы Александрия маягының сәулетшісі Сострат та Книд тумасы. Сол дәуірдің екінші медицина мектебін Книдте құрған Еврифон – Гиппократтың замандасы және қарсыласы.

 

 



Ұқсас жаңалықтар