Еуразия географиясында 2021 жыл ойдағыдай өтті

Еуразия күн тәртібі – 19

1758955
Еуразия географиясында 2021 жыл ойдағыдай өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия географиясында 2021 жылдың қалай өткеніне тоқталамыз.

2021 жылы Ковид-19 індетімен күрес жалғасқан, мемлекеттер экономиканы жөнге салу үшін жұмыстанған бір жыл болды. 2021 жылы Еуразия географиясындағы көптеген елде сайлау өткізілді. Мысалы 10 қаңтарда Қырғызстанда президенттік ерте сайлау мен әкімшілік түрін белгілейтін референдум, Қазақстанда жергілікті және жалпы сайлау өткізілді. 2021 жылы 20 маусымда Арменияда, 17-19 қыркүйек арасында Ресейде, 28 қарашада Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. 2021 жылы 2 қазанда Грузияда жергілікті сайлау, 24 қазанда Өзбекстанда Президенттік сайлау өткізілді.

Фергана қойнауындағы шекара мәселелері 2021 жылы да жалғасты. Сәуір айында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара желісіндегі қақтығыстарда ондаған адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара желісіндегі дағдарыстар жыл бойы жалғасты.

Аймақ тұрғысынан 2021 жылғы басты оқиға Ауғанстанда Талибанның билікті қолға алуы деуге болады. Орталық Азия Республикаларын қамтыған барлық ел Ауғанстанның болашағы мен аймақтық қауіпсіздік тақырыптарын түрлі платформаларда талқыға салды. Аймақ елдері Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем материалдарын жолдады.

2021 жылы Әзербайжан Қарабахты қайта құру жұмысын табыспен жалғастырды. Армения Әзербайжан және Түркиямен байланыстарды жақсарту қадамдарын басты. Қалыпқа түсіру талпынысы алдымен қатынас саласында басталды.

Ресей мен Батыс қарым-қатынастарындағы кірбеңдік 2021 жылы да үзілген жоқ. Украина мен Беларусьта болған оқиғалар Ресей мен Батыс қақтығысының жалғасы болып табылады.

2021 жылы Еуразия Экономикалық Одағы, Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымы, Ұжымдық Қауіпсіздік келісім ұйымы сияқты аймақтық ұйымдардың кезекті жиналыстары ұйымдастырылды. 2021 жылы 5-6 тамызда Түрікменстанның Аваза туристік аймағында Орталық Азия Республикасы лидерлерінің 3-ші ақылдастар жиналысы өткізілді.

2021 жылы Түркі Республикалары тәуелсіздіктерінің 30 жылдығын тойлады. Тақырыпқа байланысты түрліше ортақ іс-шаралар ұйымдастырылды. Түрік Кеңесі көктемде бейресми, күзде ресми саммиттер өткізді. 2021 жылы 31 наурызда «Түркістан: Түркі әлемінің рухани астаналарының бірі» атты бейресми Түрік Кеңесі саммиті интернет арқылы өткізілді. Саммитте Қазақстанның «Түркістан қаласы Түркі әлемінің рухани астаналарының бірі» деп жарияланды. 2021 жылы 12 қарашада Стамбулда 8-ші Түрік Кеңесі саммиті өтті. Саммит аясында ұйымның жаңа ғимаратының тұсауы кесілді. Саммит соңында Стамбул хаттамасына қол қойылды. Ұйымның аты «Түрік Мемлекеттері Ұйымы» деп өзгертілді. Саммитте ұйымның жол көрсетушісі ерекшелігіндегі «Түркі әлемінің көзқарасы-2040 құжаты» қабылданды. 27-28 қыркүйекте Түркі Тілдес Мемлекеттер Парламенттер Ассамблеясы (ТүрікПа) 10-шы Жалпы Кеңесі Қазақстанның Түркістан қаласында ұйымдастырылды.

Қорыта айтқанда, 2021 жылы аймақ елдері тұрғысынан маңызды оқиғалар үзілмеген бір жыл болды.



Ұқсас жаңалықтар