Макулярлы дегенерация (сары дақтың бұзылысы) ауруы

«Денсаулық зор байлық» - 17

1751340
Макулярлы дегенерация (сары дақтың бұзылысы) ауруы

Бүгінгі бағдарламамызда макулярлы дегенерация (сары дақтың бұзылысы) ауруын тілге тиек етеміз.

Макула – бұл тордың орталық бөлігінде орналасқан тордың кішкене бөлігі. Макула орталық көру (тікелей көру) үшін жауап береді және тікелей көру сызығында ұсақ бөлшектерді көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Түркияда және бүкіл әлемде 60 жастан асқан адамдардың көру қабілетінің жоғалуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Әсіресе бүкіл әлемді есепке алғанда жұмыс істейтін тұрғындардың көру қабілетінің жоғалуының ең үлкен себебі.

Әйелдер мен ерлер бірдей тәуекелге ұшырайды. Аурудың кең тараған себебі - генетикалық бейімділік.

• 65 жастан асқан адамдар,

• Көзі түрлі-түсті адамдар,

• Артық салмақ,

• Темекі шегу,

• Жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан адамдар аурудың жоғары тәуекел тобына жатады.

Сары дақ ауруы әдетте ерте кезеңде ешқандай белгі бермейді. Орташа деңгейге келгенде ол кейбір белгілерді береді, ал көру қабілетінің жоғалту байқалады.

Аурудың толық диагностикасы офтальмологтың көзді тексеруі және әсіресе торлы аймақты жіті қадағалайтын әдістермен анықталады.

Сары дақ ауруын кешіктіретін тағамдарды және олардың пайдасын төмендегідей санауға болады:

Балық

Макулярлы дегенерацияда омега-3 май қышқылдары маңызды болып табылады. Ең пайдалы омега-3 деңгейін қамтитын балықтар - лосось, форель, тунец, сардина және хамса (анчоус).

Жасыл жапырақты көкөністер:

Шикі шпинат, брокколи, қырыққабат сияқты түрлі-түсті көкөністерді көп жеу бұл науқастарға ұсынылады. Жасыл жапырақты көкөністерде макуланы қорғайтын көптеген антиоксиданттық пигменттер бар.

Осы себепті шпинат, қырыққабат және брокколи сияқты қою жасыл жапырақты көкөністерді жейтін адамдарда сары дақ ауруы одан аз кездеседі. Бұған қоса, сары дақтан қорғайтын құрамында ықпалды заттарға бай тағамдар; жүгері, авокадо, сары бұрыш, жұмыртқаның сарысы, апельсин, шабдалы және құрма сияқты жемістер.

Папайя

Папайя антиоксиданттарға толы. Құрамында көзді ультракүлгін сәулелердің зақымдануынан қорғауға көмектесетін белсенді ингредиенттер бар.

Көкжидек

Көкжидек жемісін тұтынуға немесе қосымша ретінде алуға болады.

Жапырақты қырыққабат

Жапырақты қырыққабат қатерлі ісікке қарсы антиоксиданттар мен витаминдер беретіні белгілі.

Бұршақ дақылдары

Жасымық, қаракөзді бұршақ, бұршақ және жасыл бұршақ мырыштың тамаша көздері болып табылады, бұл біздің денемізге қоректік заттар мен витаминдерді сіңіруге көмектеседі. Бұршақ дақылдары да ақуыздың тамаша көзі болып табылады.

Жаңғақтар

Кешью, орман жаңғағы және бадам сияқты барлық жаңғақтар омега-3 май қышқылдары мен витаминдердің көзі болып табылады. Сондай-ақ оларда көздің жасушалары мен тіндерін қорғайтын Е дәрумені бар.

Мырыш

Құрамында мырыш жеткіліксіз тағамдарды жейтін адамдар макулярлы дегенерациямен жиі кездеседі. Құрамында мырыш жоғары тағамдар; ет, балық, бұршақ, ноқат және сұлы сияқты тағамдар.

А, Е және С дәрумендері

Атап айтқанда, А және Е дәрумендерінің көз денсаулығына оң әсері ғылыми түрде дәлелденген. А дәруменін өсімдік тағамдарынан - шпинат, ақжелкен, жасымық, пияз, брокколи, борд, кәді, сәбіз, картоп, қауын, қызыл бұрыш, грейпфрут және бұршақтан, ал жануарлардан алынатын тағамдарда бауыр, балықтың майы, сүт, сары май, жұмыртқа, бүйрек, ірімшік пен йогурттан көбірек алуға болады. Артық мөлшері бауырда сақталады және шамадан тыс қабылдау уытты әсер етуі мүмкін.

Е дәрумені бар тағамдар бұл топта басымды. Е дәруменіне бай тағамдар; өсімдік майларының барлығы, қабығы қатты жаңғақтың түрлері және авокадо сияқты майы жоғары тағамдар. Артық мөлшері денеде сақталады және шамадан тыс қабылдау уытты әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар С витаминінің антиоксиданттық әсері Е дәруменімен бірге жұмыс істейді. Осы себепті С дәруменін тиісті тәуліктік дозада тұтыну керек. С дәруменіне бай жемістер; көкөністер мен жемістердің көпшілігінде, әсіресе цитрустық жемістерде, кивиде, бұрышта кездеседі және күнделікті қажеттілікті алу өте оңай болады.

Тұрақты жаттығу:

Идеал салмақты тұрақты жаттығулармен сақтау керек.

Ультракүлгін сәулелердің әсеріне ұшырамауы керек.

Стресстен аулақ болу керек.



Ұқсас жаңалықтар