Сұлтан Ахмет мешітінің бүкіл әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 16

1749874
Сұлтан Ахмет мешітінің бүкіл әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Cтамбулдағы Сұлтан Ахмет мешітінің бүкіл әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулдағы бір алаңға атын берген Сұлтан Ахмет мешіті 17-ші ғасырға тән маңызды сәулеттік өнері туындыларының бірі болып табылады. Топкапы сарайы мен Айясофияға қарама-қарсы орналасқан бұл керемет ғимарат – сол кезеңнің бас сәулетшісі Седефкар Мехмет ағаның Сұлтан Ахмет І-нің бұйрығымен салынған шедевр.

Құрылыс 1609 жылы басталып, 1617 жылы аяқталды. Османлы империясында алты мұнарасы бар жалғыз мешіт. Сұлтан Ахмет мешітінде орын алған 260 терезені орналастыру түрі себепті үлкен күмбез ауада ілулі тұрғандай көрінеді. Бұл мешіт басқа мешіттермен салыстырған да одан жарық әрі кең.

Ішкі және сыртқы безендіруімен Түркияда ғана емес, көптеген елде өзін таныта білген Сұлтан Ахмет мешіті мыңдаған көк, жасыл және ақ түсті Изник керамикасымен ​​ безендірілгендіктен шетелде «Blue Mosque» (Көк мешіт) деп аталады. ЮНЕСКО тарапынан Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген ғимарат Түркияның тарихи байлығының маңызды бір бөлігі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар