Тұңғыш үңгір шіркеу

Анадолының тұңғыштары -12

1743117
Тұңғыш үңгір шіркеу

Адам баласы Жер шарында өте түрлі мекендерде тұрған. Алғашқы баспаналары үңгірлер болған. Себебі үңгірлер адамның әрі климат шарттарынан,  әрі жабайы жануарлардан қорғануын қамдаған. Аң аулап үйренгеннен кейін үңгірлердің салқын және қараңғы жерлерін ет сақтауға арнаған.  Тіпті кейбір үңгірлерді тек осы мақсатта қолданған,  салқын қойма секілді. Өлілерін көму үшін де қолданған адамдар үңгірлерді, сақтау немесе ғидабат үшін. Кейбірінде әшекей бұйымдар кездеседі, кейбірінде өте шебер салынған суреттер. Анадолы территориясында осы аталғандардың барлығы да кездеседі.

**

Бастапқыда баспана және қорғану мақсатты қолданылған үңгірлер уақыт өте келе мәдени дамудың алғашқы іздеріне куә болады.  Хатайдың Самандағ ауданындағы Үчағызлы үңгірінде бұдан 200 мың жыл бұрынғы алғашқы адам мен біздің дәуірімізден 40 мың жыл бұрынғы алғашқы заманауи адамның қалдықтары табылады мысалы. Үңгірде сонымен бірге көптеген моншақ пен тастан жасалған материал да кездеседі.  Үңгірдің адам баласы тарихына жарық түсіретінін,  антропология және археология тұрғысынан әлемде маңызды орынға ие болғанын тілге тиек етеді мамандар.

Анадолыда үңгір суреттерінің тарихы Байырғы Тас дәуіріне дейін барады. Мерсинде, Кахраманмарашта, Балыкесирде түрлі әдістермен қабырғаға салынған оюлар Анадолының адам баласының ұзын тарихына куә болғанын тағы бір рет дәлелдейді.

Осы территория жаңа діннің маңызды сатыларына,  пішінделуіне, бетбұрыстарына куә болады. Зұлымдыққа ұшырап Иерусалимнен қашқан алғашқы христиандар Ыхлара сайындағы үңгірлерге қоныс тебеді.  Түрлі қызметте қолданылады осы үңгірлер. Каппадокияда жер асты қалаларындағы үңгірлерде жасырынады және жаңа дінді таратуға тырысады осы алғашқы христиандар.  Хатайдың Антакия ауданының маңында болса әлемдегі тұңғыш үңгір шіркеу – Әзіз Пиер шіркеуі орын алған.

**

Антакия – тұғыры тұрғысынан дәуірлер бойы өте маңызды торап. Месопотамиядан батысқа өткісі келгендер Антакиядан өтеді.  Дәмдеуіш және Жібек жолы осы жерден өтеді. Анадолының ең байырғы елді мекендерінің бірі Антакия эллиндік дәуірде де, Рим империясы кезінде де әлемнің алдынғы қатарлы мәдениет орталықтарының бірі болды.

Әзірет Исаның 12 орынбасарының бірі болған Әзіз Пиер, басқаша атымен Әзіз Петр де христиандықты тарату жеңіл болады деп ойлап,  Антакияға келеді. Себебі қала әрі Иерусалимге жақын,  әрі түрлі мәдениеттер осында бірге өмір сүреді.  Антакия сол кездері дәулеті, молшылығы және зияткерлік құрылымымен Рим Империясының үлкендігі жағынан үшінші қаласы, шығыстағы ең ірі қаласы.

Антакияға келген Әзіз Петр «Стаурис» яғни «Қажы тауындағы» табиғи бір үңгірді шіркеу ретінде қолданады.  Сол жерде уағыз бере бастайды.  Ерте христиандық дәуірінде діннің тарауында маңызды рол ойнайды осы үңгір-шіркеу. Сант Пиер шіркеуі христиандықтың секталарға бөлінбестен бұрынғы алғашқы шіркеуі ретінде танымал. Үңгір жамағат бірінші рет христиан атауын алған және діни ритуалдардың негізі қаланған жер ретінде қабылданады. Әзіз Пиер де христиан жамағатының тұңғыш дін қызметкері және сонымен бірге әлемнің алғашқы Папасы ретінде тарихта қалады.  Үңгір кейінгі жылдары алғашқы христиандарға және алғашқы жиналыстарға куәгер болғандықтан қажылық орталығы ретінде жарияланады.

**

Жартастарға ойылған осы үңгір-шіркеудің тереңдігі 13 метр, биіктігі 7 метр.  Рим империясы христиандықты ресми дін ретінде қабылдағаннан кейін үңгірге қосымшалар салынған,  осылайша шіркеуге ұқсаған. Үңгірде Сант Пиердің мүсіні, бұзылған мозаика қалдықтары және қасиетті су бар.  Келушілер шипалы деп есептелген суды көп жылдар бойы ішіп келген, науқас адамдарға жеткізген.  Осы су жер сілкіністері себебімен көптеген жылдар ішінде азайса да,  бүгінгі күні жартастардан әлі су ағады.  Шіркеуде тауға ашылатын жасырын туннель бар.  Туннельді басқынға ұшыраған кезде қолданған. Айырықша шіркеу маңындағы көптеген ірі-ұсақты үңгірдің және жартастарға ойылған мекендердің шилехана ретінде қолданылғаны айтылады.  Антакиядағы Сант Пиер шіркеуі Түркияның ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде орын алады.  Жыл сайын мыңдаған христиан келіп тұрады және белгілі уақытта діни жиын өткізеді.

Шіркеуден жоғары қарай созылған соқпақ жолдың соңында келушілерді бір тосынсый күтіп тұр. Осы қиын жол жартастарға ойылған үлкен бір бюстпен қарсы алады келушілерді. Грек мифологиясында Тозақ қайықшысы Харон деп аталған, басы шүберекпен жабылған, биіктігі 4 метр адам портреті бұл.  Антакияда болған оба індеті кезінде көптеген адам қайтыс болғаннан кейін қала халқы бір көріпкелге барады. Міне, осы маска ою сол көріпкелдің айтуымен салынған.  Қала тұрғындарын ауру мен өлімнен қорғау үшін тұрғызылған.

**

Антакияда әлемнің тұңғыш үңгір шіркеуі секілді назар аударатын басқа бір мекен бар.  Анадолының тұңғыш мешіті Хабиби Нежжар мешіті де осы қалада.  Хабиби Нежжар – Антакияда өмір сүрген ағаш шебері. Исаның орынбасарларының бірі Яхия мен Паул жаңа дін мен құдайдың жалғыз екенін түсіндіру үшін Антакияға келеді.  Оларға бірінші болып сенгендердің бірі осы Хабиби Нежжар. Паган, яғни көп құдайлы діннен бір құдайлы дінге шақырған орынбасарларға халық қатты наразылық білдіреді, оларды өлтіруге жоспар құрады.  Хабиби Нежжар жұртшылыққа қарсы шығады. Исаның орынбасарларын қорғау барысында өлтіріледі. Құраны Кәрімде Ясин сүресінде осы оқиғаның баяндалғанын жазады Ислами құжаттар.

Анадолының алғашқы мешіті Хабиби Нежжар мешіті екі мазар, медресе бөлімдері және ортадағы алаңнан тұрады.  Мешіт ауласының кіре беріс қақпасының оң жағында Ясин сүресінде аты аталған екі елші – Әзірет Яхия мен Әзірет Юнусқа арналған қабірлер бар.

**

Антакия -  даналығын, өзі куә болған бетбұрыс оқиғаларын және естеліктерін ғасырлардан бері жаңа буындарға жеткізген қадім бір қала.  Антакияда әрбір тастың астынан тарих шығады. Осы қаладағы әлемдегі ең ескі үңгір шіркеуінің жамағаты өздерін бірінші рет христиан деп атайды.  Сондықтан Антакия Иерусалимнен кейін христиандықтың ең қасиетті мекені ретінде қабылданады. Бірінші дәрежеде қажылық орталығы деп жарияланған.

Мың жылдардың кішіпейілділігін тасыған және нанымдар тоғысқан жер Антакияны, әлемнің ең байырғы үңгір-шіркеуі Сант Пиер шіркеуін және Анадолының түңғыш мешіті Хабиби Нежжар мешітін баяндап бердік бүгін сіздерге.



Ұқсас жаңалықтар