Әлемнің ең танымал ірімшіктерінің бірінің "Карс Грюйері" екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 14

1743340
Әлемнің ең танымал ірімшіктерінің бірінің "Карс Грюйері" екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі ең дәмді ірімшіктердің бірінің Карс Грюйері екенін білетін бе едіңіз? 

Атын Швейцарияның Грюйер қаласынан алған Грюйер ірімшігінің бір түрі де Анадолы аймағының шығысындағы Карс қаласында өндіріледі және «Карс Грюйері» деп аталатын бұл ірімшік әлемге әйгілі. 

1878 жылғы Осман-орыс соғысы кезінде орыстар Карсты басып алды. Сол кезеңде патшаның шақыруымен Карсқа келген швейцариялық Давид Мозер аймақтың швейцариялық грюйер ірімшігі өндірісіне қолайлы ерекшеліктері бар екенін көреді және биік бір жайлауда орналасқан Боғатепе ауылында алғашқы ірімшік зауытын ашады. 1918 жылы оккупацияның аяқталуымен Дэвид Мозер сүт өнімдерін Александр Кайзер деген неміске сатып, Карстан кетеді. 

Кайзер аймақта ірімшік өндірісінде жаңа тәжірибелер сынайды және Карсқа тән тесіктері бар Карс Грюйері пайда болады. Республикалық кезеңде ірімшік жасау бизнес көзі болып қабылданған соң Боғатепе ауылы толығымен ірімшік өндірісіне көшеді. 

Бүгінде Боғатепеде өндірілген Карс грюйері әлемдегі ең дәмді және қоректік құндылығы жоғары ірімшіктердің біріне айналды. 



Ұқсас жаңалықтар