Қайызғақ ауруы

«Денсаулық зор байлық» - 14

1741882
Қайызғақ ауруы
kepek.jpg

Бүгінгі бағдарламамызда қайызғақ ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар жасаймыз.

Қайызғақ - бұл бас терісінің үстіңгі қабатындағы өлі жасушалардың бөліктерінің қабыршақтану мәселесі. Қайызғақ - бұл әйелдердің де, ерлердің де шаштарында көрінетін тері проблемасы.

Келесі әдістер қайызғақты жоюға көмектеседі;

  • Шашты жүйелі түрде жуу,
  • Шашты үнемі тарау,
  • Үнемі шаш күтімі,
  • Ұзын шашты адамдардың шаштарын жиі жинамауы,
  • Стресті азайту,
  • Өте ыстық жууға болмайды,
  • Тым суық жууға болмайды,
  • Шашты жиі боямау,
  • Гель, шаш спрейі, көбік сияқты шаш күтімі өнімдерін пайдалануды азайту,
  • Күн сәулесін пайдалану,
  • В дәрумендерін қабылдау,
  • Мырыш дәруменін қабылдау,
  • Қайызғаққа қолайлы сусабын қолдану.

Қайызғақ ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар:

  1. Қайызғаққа қарсы табиғи эфир майларын қолдануға болады: шай ағашы майы, кокос майы және зәйтүн майы.
  • Алоэ вера:

Алоэ вера құрғақ бас терісін жұмсартады және қайызғақ мәселесін жояды. Душ алдында шашыңызды уқалау арқылы алоэ вера жағыңыз. Массаждан кейін 10 минут күтіп шайыңыз. Бұл әдісті қайызғақ мәселесі толығымен жойылғанша қолдануға болады. Дегенмен, бұл процесте ылғалдандыратын ерекшелігі бар сусабын қолданған дұрыс.

  • Кокос майы

Бұл май бактерияларды жою ерекшелігі және терінің ылғалдылығын арттыру арқылы қайызғақ пен экзема белгілерін азайтуға көмектеседі.

  • Шай ағашының майы (tea tree oil):

Шай ағашының майы қайызғақ белгілерін азайтатын, бактерияларды жоятын және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Дегенмен, нәзік теріні жара қылуы мүмкін. Сондықтан оны қолданар алдында кокос майы сияқты майлармен сұйылту керек.

  • Лаванда майы:

Лаванда майы бас терісін қатайтып, терінің одан тегіс және жазады. Лаванда майы, бадам майы сияқты тасымалдаушы майлармен араластыру арқылы қолданған кезде қайызғақ мәселесінен құтылуға көмектеседі.

  • Зәйтүн майы:

Басыңызға зәйтүн майын жағыңыз. Содан кейін ыстық сумен суланған және сығып алған ыстық сүлгімен басыңызды ораңыз. Содан кейін 40 минут күтіп, бұл қолданбаны апта сайын қайталаңыз.

  • Лимон шырыны:

Майлы және қайызғақты шаштардан құтылу үшін лимон шырыны тиімді. Бұл ем шаштың рН деңгейін теңестіреді және бас терісіне орналасқан саңырауқұлақтың өсуіне жол бермейді. Душқа түсер алдында шашыңызды лимон шырынымен сулаңыз және 20 минут күтіңіз.

  • Қалақай өсімдігі:

Қалақайды құрғақ немесе таза пайдалануға болады. Бір шай қасық қалақайды (шамамен төрт-бес грамм) 750 мг қайнаған суға, қақпағын жауып, баяу отта төрт минут қайнатыңыз. Салқындағаннан кейін сүзіңіз. Шашыңыз таза болса, қалақай өсімдігінің суымен жуыңыз. Жарты сағат күткеннен кейін оны тек таза сумен жуып, құрғатуыңыз керек. Шашыңыз егер кір болса, алдымен сусабын немесе сабынмен жуыңыз. Содан кейін дайындаған қалақай суын шашыңызға жарты сағатқа қалдырыңыз да, жай ғана сумен жуып, құрғатыңыз. Бұл әдіс арқылы сіз шашыңызға сергектік пен жылтыр бересіз, сонымен қатар қайызғақты жоясыз.

  • Пробиотиктерді қабылдауды арттыру:

Пробиотиктердің иммундық жүйені нығайтып, қайызғақтың пайда болуын азайтады.

  • Омега-3 қабылдауды арттыру:

Омега-3 май қышқылдарының жетіспеушілігі қайызғақты тудыруы мүмкін. Лосось, форель және скумбрия сияқты майлы балықтар омега-3 май қышқылдарының тамаша көзі болып табылады. Сондай-ақ балық майы қоспасын алуға немесе зығыр тұқымы, чиа өсімдігі тұқымы және жаңғақ сияқты басқа омега-3-ке бай тағамдарды тұтынуды арттыруға болады.

  • А дәруменіне бай диета: 

Құрамында А дәрумені бар сәбіз, өрік, бауыр, ақжелкен, картоп, қара жұмбақ және балыққа бай дастархандар да адамдарды қайызғақтан аулақ ұстап, дұрыс тамақтануға көмектеседі.

  • Алма сірке суы:

Алма сірке суының рН деңгейі бас терісіне сәйкес келеді және бактерияларды жояды. 1 стакан суға 1 ас қасық табиғи (органикалық) алма сірке суы қосылып, шаш тамырларына массаж жасалады. Орташа 20 минут күтіңіз және жуынбай-ақ жылы сумен шайыңыз. Аптасына 3 рет қолданылады. Бұл әдіс шаштың жылтыр болып көрінуіне де көмектеседі.



Ұқсас жаңалықтар