Cиатикалық жүйке ауруы

«Денсаулық зор байлық» - 13

1738583
Cиатикалық жүйке ауруы

Бүгінгі бағдарламамызда cиатикалық жүйке ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстаржасаймыз.

Сиатикалық жүйке - денедегі ең ұзын жүйке. Нервке қандай да бір жолмен әсер ету әсіресе белдің төменгі артқы жағына және аяқтарда қатты ауырсынуды тудырады. Бастапқыда ауырсыну келіп, кетеді. Дегенмен кейін шағымдар көбеюі мүмкін.

Сиатикалық ауырсынуға арналған ұсыныстарымыз былай:

Сүт, бал және сарымсақ қоспасы

Сиатикалық ауруы үшін шөптен шешім іздейтіндер бұл емді қолданған кезде ауырсынуды жеңілдете алады.

Алдымен сүт, бал және сарымсақты араластырыңыз. Бұл дайындалған қоспа сиатикалық ауырсынуды жеңілдету үшін тиімді. Ұзақ уақыт бойы сиатикалық ауруы бар адамдарға оны үнемі тұтыну ұсынылады.

Емдік жалбыз эфир майы

Жалбыз майы - сиатикаға қарсы табиғи құралдардың бірі. Антиоксидант ретінде әрекет ететін табиғи жалбыз майы сиатика ауруы үшін ұсынылады.

Жалбыз майының әсерін көру үшін аптасына екі рет мойыннан аяққа дейін уқалау арқылы жағу керек. Ауырсынған кезде аяқтарыңызға органикалық жалбыз майын жағуды ұмытпаңыз. Қан айналымын реттейтін бұл пайдалы май сиатикалық ауырсынуды жеңілдетеді.

Кәдімгі Шайқурай майы

Қабынуды кетіретін күшке ие кәдімгі шайқурай майын сиатикалық ауырсыну күндері қолдануға болады.

Аяғыңыздың шаршағанын және ауырғанын сезінгенде кәдімгі шайқурай майын аяғыңызға жағу ұсынылады.

Кәдімгі шайқурай майын үнемі пайдалану сиатикалық ауруда тиімді.

Пияз

Орташа мөлшердегі пиязды екіге бөліп, екеуін де қолданыңыз, тізеден тобыққа дейін жағып уқалаңыз. Пияз ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсері арқасында аяқтардағы ауырсынуда тиімді.

Пияздың иісі мазалауы мүмкін, сол үшін жаққаннан 1 сағат өткен соң аяқтарды жууға болады.

Қырыққабат жапырақтары

Қырыққабат жапырақтары сиатикалық ауырсынуды жеңілдету үшін ұсынылған өсімдік әдістердің бірі. Қырыққабат жапырақтарын бір-бірден алып, ыстық суға қайнатыңыз.

Жылы қырыққабат жапырақтарын аяғыңызға орап, біраз уақыт күтіңіз. Бұл қолданбаның арқасында қан айналымы жылдамдап, сиатикалық ауруы тоқтайды.

Күнжіт майы & зімбір ұнтағы

Зімбір ауырсыну кезінде ойға келетін алғашқы өсімдік әдістердің бірі.

1 ас қасық зімбірді, 2 ас қасық күнжіт майымен араластырыңыз. Алынған кремді қоспаны тізеңізден аяқтарыңызға қарай жақсылап жағыңыз. Сіздің ауырсынуыңыз қысқа уақыт ішінде жеңілдейді.

Омела (ақ жидекті улы бұта)

Ұзақ жылдар бойы сыналған және ауырсынуды басатын әсерімен жиі күн тәртібіне келетін омела сиатика ауруын да басады. 1 кесе ыстық суға омеланы салып, демдеңіз. Салқындаған омела суын сиатикалық ауруы сезілетін жерге сүлгінің көмегімен жағып, сүлгіні жайып күтіңіз. Аптасына бірнеше рет сынап, сиатикалық нервтердің босаңсуын қамтамасыз етіңіз.

Кептірілген шие сабағы:

Шамамен 35 дана кептірілген шие сабағын бір стақан суға қойып 4-5 минут қайнатыңыз. Бесінші минуттан кейін оған бес-он грамм қалақай қосыңыз. Бірге тағы 5 минут қайнатыңыз. Салқындаған соң бір апта бойы таңертең және кешке ішіңіз.

Ыстық суға арналған сөмкелер немесе жылыту жастықшалары белге қолданған кезде ауырсынуды азайтады. Оларды күніне жарты сағат бойы пайдалану сізге пайдалы. Жылы су төсеніші немесе жастықшаларды пайдаланғысы келмейтіндер ыстық суға түсуге болады, өйткені жылу әрі бұлшықеттерді босаңсытады, әрі қан айналымын арттырады.

Жаттығу:

Сағаттап отыру, үстелде жұмыс істеу және теледидар көру, өкінішке орай дискінің сырғып кету қаупін арттырады және бел ауруын тудырады. Сиатиканы емдеуде көбінесе жаттығулар қолданылады және бұл жеңіл изометриялық жаттығулар мен созылулар сіздің күшіңізді арттырады, аяқтарыңыз бен омыртқаның ауырсынуын азайтады.

Бастапқыда отырудың орнына қысқа серуендеуге, баспалдақпен көтеріліп түсуге және күн сайын жүру қашықтығын арттыруға болады. Сонымен қатар отыру позицияңызды өзгерту ауырсынуыңызға көмектеседі.



Ұқсас жаңалықтар