Бергаманың көне өркениеттердің бірінің бас қаласы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 11

1733701
Бергаманың көне өркениеттердің бірінің бас қаласы екенін білетін бе едіңіз?
Bergama Antik Kenti Kolezyum15.jpg
Bergama Antik Kenti Kolezyum16.jpg
Bergama Antik Kenti Kolezyum10.jpg
bergama.jpg

Измирдің Бергама ауданының тарихта ең ескі өркениеттердің бірінің бас қаласы екенін білетін бе едіңіз?

Измирдің 130 шақырым солтүстігінде орналасқан Бергама ауданы әлемнің ең тамырлы өркениеттерінен Пергамон патшалығының бас қаласы болды. 8 мың 500 жылдық тарихы бар Бергама тарих бойында ондаған өркениетке қонақжайлық жасаған.

Тарихта «Пергамон» деп аталған көне қала тік төбеде барлық қиындықтарға қарамастан сәтті бір қала құрылысы жоспарымен салынып, маңызды елді мекенге айналды. 10 000 орынды театры тік беткейде орналасқан құрылымы, жылжымалы сахна ғимаратының Дионис храмына сәулеттік байланысымен ең танымал ежелгі театрлардың бірі болып қабылданады.

Эллиндік дәуірде сумен қамтамасыз ету үшін салынған 45 шақырым ұзындығындағы су желісі сол кезең үшін үлкен сәулеттік жетістіктің көрсеткіші болатын. 2014 жылы Әлемдік мұра нысаналары тізіміне енгізілген Бергама тарих бойынша шапқыншылықтармен жойылуға ұшырады.

Осыған қарамастан стратегиялық жерде орналасқандықтан қала тұрақты қоныс болу ерекшелігін сақтап, тарих сахнасынан ешқашан жойылмаған.



Ұқсас жаңалықтар