Өзбекстандағы сайлаудың барысына тоқталамыз

Еуразия күн тәртібі – 11

1733318
Өзбекстандағы сайлаудың барысына тоқталамыз

Бүгінгі бағдарламамызда Өзбекстанда өткізілген Президенттік сайлауға тоқталамыз.

2021 жылы 24 қазанда Өзбекстанда президенттік сайлау өткізілді. 2021 жылы 29 қазанда Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау ұйымының төрағасы Зайниддин Низамқожаев сайлаудың ресми нәтижесін жариялады. Сайлауда Өзбекстан Либерал-демократия партиясының үміткері Шавкат Мирзиеев 80.12 пайыздық дауыспен екінші мәрте президент болып сайланды. Ел көлемінде 16 миллион 212 мың 343 сайлаушы дауыс берді, бұл жалпы сайлаушы санының 80.4 пайызын ұстайды. Шавкат Мирзиеев үшін 12 миллион 988 мың 964 сайлаушы дауыс берді. Мирзиеев 2016 жылы өткен сайлауда 88.61 пайызбен жеңіске жеткен еді. Өзбек халқының Мирзиеевке қолдауының жоғары екенін айтуға болады.

Өзбекстан президенттік сайлауында 5 бәсекелес жарысты. Өзбекстан Ұлттық-демократиялық партиясының үміткері Максуда Варисова 6.63 пайыздық дауыспен екінші орынды иеледі. Ұлттық Өркендеу-демократиялық партиясының лидері Алишер Қадыров 5.48 пайыз дауыс алды. Экология партиясының лидері Нарзулла Обломурадов 4.14 пайыз және Әділет Әлеуметтік-демократиялық партиясының үміткері Бахром Абдулхалимов 3.39 пайыз дауыс алды. Мирзиеевтен басқа үміткерлер партия лидерлері болған саясатшылардан қалыптасты.

Президенттік сайлауды 600-ден астам шетелдік, 64450 жергілікті бақылаушы сараптады. Шетелдерден келген бақылаушылар сайлаудың әділ өткенін баяндады. 223 шетелдік, 1439 жергілікті, жалпы 1662 медиа қызметкері президенттік сайлауды қадағалады.

Шавкат Мирзиеев 25 қазандағы мәлімдемесінде «Бүгінгі Өзбекстан кешегі Өзбекстан емес. Халқымыз да 5 жылдың алдындағы халық емес. Басты табысымыздың бірі еркін, өз қолымызбен және еңбегімізбен болашағымызды белгілейтінімізді әлемге жарияладық. Кері қадам баспаймыз, Өзбекстан тек қана алға ілгерлейді» деді.

Өзбекстанның президенттік сайлауды табыспен өткізгенін айтуға болады. Шетелдік бақылаушылардың рапорттары мен медиа қызметкерлерінің хабарлары мұны айқын көрсетуде.

Президенттік сайлау арқылы Өзбекстанда жалпы алғанда партиялардың жанданғаны, белсенді сайлау компаниясын жүргізгені назар аударды. Бұл елдің саяси жағдайына және саяси партиялар арасындағы бәсекенің артуына жақсы есе қосады.

Президенттік сайлау елдің сайлау жүйесінде кейбір жаңалықтарға себеп болды. Бұрын дауыс беруге паспортпен қатысу шарт болатын. Соңғы сайлауда жүргізуші куәлігімен де дауыс берілді. Орталық сайлау тізімі жасалып, төлқұжат тіркеуіне қарамай, азаматтардың тұрған жерден дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Сайлауда қызмет атқарғандарға жалақы төленді. Бұрынғы президент Ислам Кәримов дәуірінде мұндай тәртіп жоқ болатын.

Президент Шавкат Мирзиеев жаңа міндет кезеңінде реформаларды жалғастырады. Өйткені Өзбекстан халқы сайлауда реформаларды қолдайтынын айқын көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар