Суқараңғы ауруы (Глаукома)

Денсаулық зор байлық - 8

1725961
Суқараңғы ауруы (Глаукома)

Бүгінгі бағдарламамызда суқараңғы ауруын емдеуге арналған табиғи ұсыныстар жасаймыз. 

Глаукома (Суқараңғы ауруы) көздің ішкі қан қысымының жоғарылауынан пайда болады. Көздің ішіндегі қысымның жоғарылауымен көру өрісі тарылады. Уақыт өте келе ол көру қабілетінің тұрақты жоғалуына дейін елеулі зақым келтіреді. 

Көз қысымы әдетте барлығына қауіп төндіреді, бірақ ол 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Көру сезімін үнсіз және жасырын жоятын осы ауру кешіккен кезде көру қабілетінің мүлдем жоғалуына әкеледі. 

Суқараңғы ауруы өзін көптеген жылдан кейін көрсететін және шағын белгілермен хабар беретін көз ауруының бір түрі. 

Суқараңғы ауруын емдеуге арналған табиғи әдістер мен ұсыныстар былай: 

1.  Қызанақ шырыны емі 

Суқараңғы ауруын емдеу үшін қолданылатын шөптік емдердің ішінде ең маңыздысы - қызанақ шырынымен жасалған глаукоманы емдеу. Отыз күн бойы қолданылған бұл шөппен емдеу әдісі көз қысымын төмендету үшін тиімді ем болып табылады. Күн сайын орта есеппен түскі асқа дейін бір сағат бұрын ішу керек. 

Қызанақ шырыны емі әсіресе отыз бес жастан асқан адамдарда көз қысымын емдеуде тиімді.  

2.  Кең бұршақ 

Кең бұршақтар көз қысымына тиімді. Көз қысымы шағымдары барларға аптасына кемінде бір рет бұршақты тұтыну ұсынылады. Кең бұршақтарды әртүрлі тәсілдермен дайындауға және тұтынуға болады. 

3.  Лаванда өсімдігі 

Лаванда өсімдігін қайнатып, көк шай ретінде тұтынғанда көз қысымы үшін пайдалы. Лаванда өсімдігін күніне бір кесе ішу арқылы суқараңғы ауруын реттеуге болады. 

4. Қара зире 

Күн сайын таңертең 1 шай қасық шайнау арқылы көз қысымын бір қалыпты ұстауға болады. 

5.  Сәбіз 

Күндіз сәбізді тұтыну не болмаса салаттарға шикі қосу немесе сәбіз шырынын ішу арқылы көз қысымын бір қалыпты ұстау мүмкін. 

6.  Асжапырақ 

Суқараңғы ауруымен ауыратындарға асжапырақты үнемі тұтыну ұсынылады. 

7.  Дәрілік жаужапырақ 

Дәрігерлік жаужапырақ (Мелисса) шайы - қан ағынын бақылайтын және тамырларды босаңсытатын өсімдік шай. Сондай-ақ суқараңғы ауруы үшін ұсынылады. Өлшенген және жүйелі түрде дәрігерлік жаужапырақты тұтынуды ұсынуға болады. 

8.  Зығыр тұқымы 

Бір шай қасық зығыр тұқымы ұнтағын бір кесе йогуртпен араластырып тұтыну арқылы суқараңғы ауруын бақылауға алуға болады. 

9.  Каротиноидтерге бай тағамдар 

Апельсин және қызғылт сары көкөністер көздің сау болуы үшін жеткілікті мөлшерде «А» дәруменін қамтамасыз етуде маңызды. Бұл тағамдардың антиоксиданттары ең жоғары деңгейіне ие. 

10. Куркума 

Суқараңғы ауруында куркума шайы немесе тағамдарды тұтыну арқылы көздің қан қысымын төмендетуге болады. 

11. Пияздың шырыны мен  

12. Аскөк 

Суқараңғы ауруы болса, аскөк шайын үнемі ішуге болады. 

13. Таза жемістер мен көкөніс шырындары 

Көзді бір қалыпты ұстау үшін қажетті дәрумендерді, минералдар және антиоксиданттарды қамтамасыз етеді. 

14. Көкжидек және шие 

Бұл екі жеміс глаукомамен күресу үшін өте пайдалы. Шие мен көкжидек көзді зақымдайтын бос радикалдармен күресуге көмектеседі. 

15. Теңіздің балығы және балықтың майы 

Көздің ішкі қысымын қалпына келтіру үшін қолданылады. 

16. Көкжидек  

Қан ағымын жақсартуға және көз функциясын қолдауға көмектеседі. 

17. Құрамында магний бар тағамдар 

Асқабақ тұқымы, шпинат, бадам, талқан, авокадо, банан, анар, қызанақта магний бар. Ол қан тамырларының қабырғаларын босаңсытып, қан айналымын жақсартады. 

18. Жаттығу жасау 

Көз қысымын төмендетуге көмектеседі. Бастапқыда төмен күнделікті аз әсер ететін жаттығу ұсынылады. Осыған мысал ретінде жаяу жүру және велосипед тебуді көрсетуге болады. 

19. Суқараңғы ауруында стресстің деңгейі 

Суқараңғы ауруы стресс деңгейімен байланысты екендігін дәлелденді. Сондықтан көз қысымын төмендету үшін стресстің деңгейін азайту керек.  

20. Тұтынуға болмайтын тағамдар  

Көзге қысым жасайтын және реакция тудыратын тағамдардан бас тарту керек. 

•   Кофеин: Көзге қан ағынын азайтқаны байқалды. Сондықтан тым көп тұтыну глаукомамен ауыратын адамдар үшін қауіпті. 

•   Кант: Қант мөлшері жоғары тағамдарды тұтыну көздің ерте қартаюына және қант диабеті мен глаукоманың қаупін арттыруы мүмкін.  



Ұқсас жаңалықтар