Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Өзбекстанға сапарлай барды

Еуразия күн тәртібі – 07

1720385
Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Өзбекстанға сапарлай барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың Өзбекстанға сапарына тоқталамыз.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов 2021 жылы 4-5 қазан күндері Өзбекстанға ресми сапармен барды. Құрбанқұлы Бердімұхаммедовты Ташкенттегі Ислам Кәримов Халықаралық әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев күтіп алды.

2021 жылы 5 қазанда екі ел лидерлері оңаша және делегациялар арасында кездесулер өткізді. Кездесулер нәтижесінде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық саласында 23 келісімге қол қойылды.

Сапар аясында 4 қазанда Ташкентте екі ел премьер-министрлері орынбасарларының қатысуымен Өзбек-Түрікмен Бизнес форумы өткізілді. Форум аясында екі ел ұйымдары мен компаниялары арасында 13 келісімге қол қойылды.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың сапары алдында түрікмен делегациясы Өзбекстанда кездесулер өткізді. 2021 жылы 13 қыркүйекте Ташкентте екі мәрте Өзбекстан-Түрікменстан Үкіметтер арасындағы Су мәселелері комиссиясы жиналысы өтті. Су мәселесі аймақ елдерінің ең басты тақырыптарының бірі екенін ескергенде осындай жиналыстардың ұйымдастырылуы мақтауға татиды.

14 қыркүйекте Өзбекстан-Түрікменстан Үкіметтерарасы комиссиясының 16-шы жиналысы ойдағыдай өткізілген болатын. Екі ел сауда мөлшері 2017 жылы 177 миллион доллар болса, 2020 жылға келгенде 527 миллион долларға көтерілді. Өзбекстан мен Түрікменстан ортақ сауда мөлшерін алдағы жылдарда бір миллиард долларға көтеруді нысанаға алып отыр.

Өзбекстан мен Түрікменстан «табыс-табыс» ережесін қабылдап, халықаралық нарықтан үлкен үлес алу мақсатымен ынтымақтастықты тың белеске көтеруге талпынуда. Бұдан былай Өзбекстан батысқа, Түрікменстан шығысқа өзара ымырашылдықпен тіпті оңай жетеді. Екі ел лидерлері құрлық, теңіз және темір жолы қатынасында өзара мүмкіндіктер жарататындарын білдірді.

Ташкенттегі жиналыста жасалған шешімдермен азаматтардың елге кіріп-шығуларының жеңілдеуі сауда байланыстарын қамтыған екі елдің барлық салаларындағы ынтымақтастықтың дамуына есе қосады. Шекара аймақтарында сауда үйлерін ашу, аймақтар арасындағы өзара ынтымақтастықты бекемдеу үшін Хиуада Өзбек-Түрікмен Аймақтық форумын ұйымдастыру шешімдері сапардағы нақтылы нәтиженің бірі болды. Лидерлер екі елдің көрші облыстары арасында өзара сапарды көбейту тақырыбында жергілікті басшыларға бұйрық берді.

Өнеркәсіп саласында өндіріспен шұғылданатын ортақ компаниялардың құрылуы жайлы келісім жасалуы Бердімұхаммедовтың Ташкент сапарындағы басты табыстың бірі деуге болады.

Түрікменстан мен Өзбекстан президенттері Орталық Азия аймағының мәселелері жөнінде ортақ әрекет жасағандарын айтты. Аймақтық мәселелердегі ымыраласу Орталық Азия елдері арасындағы тоғысуды жылдамдатады.

Тәжікстаннан өзгеше Өзбекстан мен Түрікменстан Ауғанстандағы жаңа әкімшілікпен кездесу өткізуде. Ташкент пен Ашхабадтың Ауғанстанда ірі инвестициялары бар. Қатынас, энергия салаларында жасалған инвестициялар арқылы Түрікменстан мен Өзбекстан Оңтүстік Азияға ашылу ниетінде. Мирзиеев пен Бердімұхаммедов Ташкенттегі кездесуде Ауғанстанға жәрдемді жалғастыратындарын білдірді.

Қорыта айтқанда, президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың Өзбекстанға сапарының табысты өткенін, сапар кезінде екі жақтылы қарым-қатынастарды тың сатыға көтеретін қадамдар басылғанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар