Түркияда 3 мың жылдық мүсін шеберханасы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 6

1717413
Түркияда 3 мың жылдық мүсін шеберханасы бар екенін білетін бе едіңіз?
Yesemek-müze-2.jpg
Yesemek.jpg
Yesemek.jpg

Газиантепте шамамен 3 мың жыл бұрын салынған мүсін шеберханасы бар екенін білетін бе едіңіз?      

Түркияның оңтүстік шығыс Анадолы аймағында орналасқан Газиантептегі «Йесемек» атындағы ашық аспан мұражайы мен мүсін шеберханасы шамамен үш мың жыл бұрын Хетт патшалығы кезінде ашылған Таяу Шығыстың ең ірі карьер мен мүсін шеберханасы болатын. 1890 жылы ашылған аймақ жақында Газиантеп Мұражай дирекциясы тарапынан абаттандырылып, ашық аспан мұражайына айналдырылды.

Жүздеген мүсіндердің эскиздері жер астынан шығарылды. Белгілі бір тәртіппен «Йесемек» ашық аспан мұражайына қойылған эскиздердің көпшілігін қақпа арыстандары құрайды.

Тонналаған салмақтағы 518 мүсін қойылған ашық аспан мұражайында сфинкстер, қақпа арыстандары, отырған күйде бейнеленген арыстандар, қанатты арыстандар, Тау Тәңірі рельефтері, соғыс алаңы рельефтері мен сәулеттік туындылар өзінің табиғи ортасында қойылған.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген және жыл сайын бүкіл әлемнен келушілерді қарсы алатын «Йесемек» ашық аспан мұражайы мен мүсін шеберханасын 2021 жылы да пандемияға қарамастан шамамен 15 мың турист аралады.



Ұқсас жаңалықтар